«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

165 адам полицейлердің есебіне алынды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында «Тұрмыс» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының екі күні ішінде полицейлердің есебінде тұрған 1200 адам тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелік полиция инспекторлары есепте тұрған адамдар мен тұрмысы төмен отбасыларды тексеріп жатыр. Полицейлер отбасы жанжалқойларының және маскүнемдердің тұрғылықты жеріне барып, профилактикалық әңгіме жүргізеді.

«Ауыр қылмыстар, жазатайым оқиғалар, өрт және басқа да жағдайлар көбіне алкогольді асыра пайдаланудан болады. Сырт көзге аса байқала бермейтін, маңызды және мамандардың қатысуын талап ететін тағы бір мәселе – тұрмыстық зорлық-зомбылық. Оның құрбандары отбасындағы келеңсіздіктер бірте-бірте орнына келеді деген сеніммен полицияға жүгінуге асықпайды. Осындай қылмыстарды уақтылы алдын алу мақсатында жергілікті полиция қызметі бөліністерінің қызметкерлері ұдайы жедел-профилактикалық іс-шаралар, рейдтер мен акциялар өткізеді», – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

24-30 қаңтар аралығында облыс аумағында «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Операцияның негізгі мақсаты отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың, сондай-ақ мас күйде жаслатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу. Бұдан бөлек, есептегі адамдар мен тізімдік есепте тұрған адамдарды тексеруге ерекше көңіл бөлінеді. Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезеңінде қойылған міндеттерді орындауға ішкі істер органдарының барлық күш пен құралдары жұмылдырылды.

«Тұрмыс» операциясының екі күні ішінде облыс полицейлері тұрғылықты жері бойынша 1200-ден аса есепте тұрған адамды, оның ішінде маскүнемдікке салынған 702 адамды, 112 нашақорды, тұрмысы төмен 170 отбасын тексерді. 198 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Профилактикалық есепке 165 адам қойылды. Бұдан бөлек, Мамлют ауданының полиция бөлімі қызметкерлері дүкенде 630 литр ге жуық спирттік ішімдік сақтау фактісін анықтады, иесінде тауардың лицензиясы болмаған.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp