СҚО полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті басшысы болып Айдын Қабдұлдинов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті басшысы болып Айдын Қабдұлдинов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірімізде заманауи спорт кешендерінің саны артып келеді. Бұл тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстануына, жастардың спортпен айналысып, шымыр болып өсулеріне айтарлықтай ықпал жасайды. Бүгінгі таңда облыс аумағында 2993 спорт ғимараты жұмыс істесе, бірқатары соңғы жылдары бой көтерді. Әлі сыры кеуіп үлгермегендер қатарында Қызылжардағы “Қуаныш” волейбол клубының спорт кешенін айтуға болады.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті – өңірдегі көпсалалы жалғыз жоғары оқу орны. Бүгінде оның қабырғасында 6,5 мыңнан астам студент 60 бакалавриат, 70 магистратура, 7 докторантура мамандығы бойынша білім алады. Оқу және ғылыми жұмыстармен 29 кафедра, 7 факультет шұғылданады. Академиктер, ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар мен доценттер бар 437 оқытушы жұмыс істейді. Жыл өткен сайын материалдық-техникалық …
Облысымыздың тұрақтандыру қорында 5 мың тоннаға жуық азық-түлік бар. Мұндағы баға нарықтағыдан анағұрлым төмен, сондықтан сұраныс та жоғары.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор екені, бұл бағытта оң үрдістердің қалыптасқаны, соған орай экономика әртараптанып, өнім түрлерінің көбейіп келе жатқаны белгілі. Бірақ агроөнеркәсіп кешені саласында қордаланған проблемалар да аз емес. Бұл, ең алдымен, өнім өндірушіден бастап тұтынушыға дейінгі аралықтағы өндірілетін өнімге тікелей қатысты дер едім. Біріншіден, сапа жайы әрдайым қанағаттандыра бермейді. Екіншіден, делдалдардың …
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада ішкі саясат басқармасының алқа мәжілісі өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысты. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Кемел Оспанов ұжымның 2021 жылы атқарған жұмыстарымен және 2022 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
Бүгінде облыста 28 мемлекеттік медициналық ұйым, соның ішінде 13 аудандық аурухана бар. Денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметі бойынша, 1322 дәрігер, 4981 орта буын медициналық қызметкер еңбек етуде. Десе де өңірде 285 дәрігер жетіспейді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысында айтылды. Медициналық кадрлар тапшылығы, тұрғындарды вакциналау, ана мен бала өлімі және өзге де мәселелер қарастырылған …
Біздің облысымызда азаттық таңы үшін күрескен тұлғалардың есімдері өз деңгейінде ұлықталмай отыр. Мәселен, облыс орталығында Абылай хан, Құлеке батыр, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Смағұл Сәдуақасұлы, Мақтай Сағдиев, Бәйкен Әшімов, Жұмабек Тәшенев секілді тұлғалардың есімдерін иеленген көшелер жоқ. Биыл Петропавл қаласы әкімдігімен бірлесе, облыс орталығында жоғарыда аталған тұлғалардың есімдерін ұлықтау бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Бұл туралы …
Мамлютка қаласының іргесінде орналасқан Воскресеновка ауылында 775 тұрғын тұрады. Аудан орталығына жақын орналасқандықтан болашағы жарқын елді мекендер қатарында. Осы ауылдық округке тағы екі ауыл қарайды, Искра тұрғындарының саны – 224, Становоеда 171 адам түтін түтетіп отыр.
Тәуелсіздіктің құрдасы, жерлесіміз Асылгүл Амангелдинова “жас кезде үйрен” деген ұстаныммен өмір сүреді. Саламатты өмір салтын ұстанатын келіншек біздің елде таңсық керлинг спортымен де айналысады. Бірнеше жыл Қызылжар аудандық құрамасының мүшесі болды. Ал соңғы үш жылдан бері мұздай суға шомылуды әдетке айналдырған. Шынықсаң шымыр боласың деген ұстанымға берік өңір тұрғынын әңгімеге тартқан едік.
“Nur Otan” партиясының кезектен тыс XXI съезі өтіп, оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн қатысты. Съезге бейнебайланыс режімінде ел басшылығы, саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдар өкілдері, депутаттар мен Үкімет мүшелері қатысты.
Биыл көрнекті ағартушы, лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы. Ұлт ұстазының құрметіне Қызылжар қаласындағы Абылай хан резиденциясы музей-кешенінде жылжымалы көрме өтті.
Петропавлды қардан аршуға күнделікті 150 техника жұмылдырылады. Қыс басталғалы қаладан 300 мың текше метрге жуық қар шығарылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны соңғы екі аптада 6,7 есе өсті, 14 күнде 2817 адам ауырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында өңірлік ведомствоаралық комиссия Ashyq жобасына қатысушыларға карантин шектеулерін жеңілдету шешімін қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Былтыр Солтүстік Қазақстан облысында көзі жойылған ауру мал үшін тұрғындарға 37 млн теңге өтемақы төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жамбыл ауданында 14 кітапхана бар. Ауданның орталықтандырылған кітапханасы мен 13 ауылдық кітапхананың есігі оқырмандар үшін әрдайым ашық. Өткен жылы аудандық кітапхана карантиндік шектеулерге байланысты көбіне онлайн режімде жұмыс істеді. “Facebook” және “Instagram” әлеуметтік желілері арқылы жұмыс жүргізілді, жағдай тұрақтанған соң шығармашылық үйірмелер мен клубтар жұмысын жалғастырды.
Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан 1200-ден астам автожол тексеріліп, қыс мезгілінде күтіп-ұстауға қатысты 150-ге жуық олқылықты тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында бес баланың анасы – 34 жастағы келіншек ауруханада қайтыс болып, оның көз жұмғаны туралы құжаттар тек бір айдан кейін ғана толтырылып, күйеуіне берілген. Бұл жайында БАҚ-тан білген өңір басшысы деректің жан-жақты тексеріліп, кінәлілердің жауап беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавл жылу-электр орталығында жылыту маусымы басталғалы үшінші рет қазандықтар істен шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.