«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Петропавлдан қыс басталғалы 300 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлды қардан аршуға күнделікті 150 техника жұмылдырылады. Қыс басталғалы қаладан 300 мың текше метрге жуық қар шығарылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында күнделікті кешкі сағат 23.00-ден таңғы сағат 5.00-ге дейін коммуналдық қызмет көшелерді тазалайды. Жолдар мен тротуарларды қардан аршуға 150 техника жұмылдырылған. Бұдан басқа жұмысшылар да көшенің мұзын оюға тартылған.

Биыл өңірде қар аз. Десек те қыс басталғалы коммуналдық қызмет қала ішінен 300 мың текше метрге жуық қар шығарған.

«Биыл бас мердігер компания өзгерді, жұмысты «Благоустройство Север» ЖШС-гі атқарады. Қала 9 ауданға бөлінген. Шаһардан шығарылған қар 4 қоқыс алаңына төгіледі. Жеке сектордағы қала тұрғындары, жеке кәсіпкерлер Шаховское ауылының маңындағы полигонға қар шығара алады, ол алаң тәулік бойы жұмыс істейді», – дейді баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Маманның айтуынша, көшеге себуге, көктайғақпен күреске 1,5 мың текше метр құм-тұз қоспасы дайындалды. Жұмыстар қала тұрғындарына кедергі келтірмеуі үшін түнде атқарылады. Алайда жол бойында қалдырылған көліктер коммуналдық қызметтердің жұмысын қиындатып отыр.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp