«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ АТАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл көрнекті ағартушы, лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы. Ұлт ұстазының құрметіне Қызылжар қаласындағы Абылай хан резиденциясы музей-кешенінде жылжымалы көрме өтті.  

Шараның негізгі мақсаты – жастарға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметін дәріптеу арқылы Отанға қызмет етудің үлгісін көрсету, елдің тағдырына деген жауапкершілікті нығайтып, отансүйгіштік сезімін ояту.

– Ахмет Байтұрсынұлы бастаған зиялылар «Алаш» партиясын құрды. Ондағы мақсат тілінен, дінінен, жерінен айырылып бара жатқан Қазақ елін сақтап қалу болатын. Ахметтей арыстарымыздың елі мен жері үшін жанкешті күресі болмағанда біз қазіргідей Тәуелсіз Қазақстанда еркін тыныстап отырар ма едік? Ол – қазақтың алғашқы алфавитін жазып шыққан ғалым. Бұл жазу қазіргі таңда да құнын жойған жоқ, – деді Абылай хан резиденциясы музей-кешені ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Жүнісов.

Көрмеге М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің және Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің ұстаздары мен студенттері және еңбек ардагерлері қатысты.

Көшпелі көрме облыстағы кітапханаларда, оқу орындарында бір жыл бойы көрсетіледі.  

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

 «Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp