«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сарқылмайтын бұлақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жамбыл ауданында 14 кітапхана бар. Ауданның орталықтан­дырылған кітапханасы мен 13 ауылдық кітапхананың есігі оқырмандар үшін әрдайым ашық. Өткен жылы аудандық кітапхана карантиндік шектеулерге байланысты көбіне онлайн режімде жұмыс істеді. “Facebook” және “Instagram” әлеуметтік желілері арқылы жұмыс жүргізілді, жағдай тұрақтанған соң шығармашылық үйірмелер мен клубтар жұмысын жалғастырды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудан кітапханаларында “Тә­уел­сіздіктің құрдасы” атты шара, Же­ңістің 76 жылдығына, Мұқағали Ма­қатаевтың мерейтойына арнал­ған челледждер, оқырмандар ара­сында қа­зақ тілінің қолданыс аясын кеңей­ту­ге бағытталған мәнерлеп оқу бай­қауы өтті. Әлеуметтік желі­лерде кі­тапхана оқырмандары үшін жаңа әде­биеттерге шолу жасайтын топ құрыл­ды. Аудандық кітапхана­ның балалар бөлімі мектепке дейінгі мекемелер­мен тығыз байланыста жұмыс істейді.

– Кітапханашылар онлайн ре­жім­де түрлі аудандық және облыс­тық бай­қауларға, челлендждерге белсене қатысты. Өзге ұлт өкілдері ара­сында қазақ тілін үйренуге ар­налған “Ғасыр­лар құпиясын сақтау­шы – тілім ме­нің!” атты сайыс өтті. Мақ­саты – қа­зақ тілін тереңдетіп оқуға ниет біл­дірген басқа этностар өкілдерін және мемлекеттің тіл сая­сатын қолдау, сондай-ақ қазақ тілін на­сихаттау болып табылады. Қаты­сушылар өз бейнероликтерінде Абай Құнанбаев, Қасым Аманжо­лов, Мағжан Жұма­баев, Мұқағали Мақатаевтың өлең­дерін оқыды, – деді ауданның орта­лықтандырыл­ған кітапхана директо­ры Айнагүл Са­рымсақова.

Сарқылмайтын бұлақ көзі – кі­тапхана мектеп қабырғасында оқып жүрген оқушыға да, кәсіптік білім алу­шы студентке де, оқырманға да екін­ші үйіндей. Айнагүл Нажарқы­зының айтуынша, “Бір ел – бір кітап” акциясы аясында танымал қазақ­стан­дық ав­торлардың поэзия, про­за, драматур­гия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік туындысы “30 кітап – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы” де­ген атпен таңда­лып­ты. “Жыл кітабы” челленджі ұйым­дастырылып, Уәли­ханов аудандық кітапханасынан қа­былдап алған эстафетаны Ти­миря­зев аудандық кі­тапханасына табыс­таған. Чел­лендж­ге аудандық орталық кітапха­наның кітапханашылары қа­тысып, олар акцияның 30 кітабы ті­зіміне ұсы­нылған Мұқағали Мақа­таевтың “Өмірдастан” атты поэмасын жатқа оқыған.

– “Ізгі істер марафоны” жалпы­ұлт­тық жобасы аясында аудандық кітап­хана “Кітап сыйла” акциясына қа­тыс­ты. Кітаптарды Преснов әлеу­меттік қызмет көрсету орталығына сыйға тарттық. Өткен жылы облыс орта­лы­ғында “Кітапханашы – 2021” байқауы өтіп, оған біздің кітапха­на­шымыз А.Ту­мурзина қатысып, “Тә­уелсіз Қа­зақстанның кітапхана жо­лы” атты көр­меде кітапханамыздың жұмыс нә­тижелерін көрсеттік. Сон­дай-ақ об­лыстық семинар бары­сында “Пара­сат жолы” жобасының жұмысы және балалар үшін оқу жылының баста­луы­на арналған іс-шараларды өткіз­геніміз үшін Алғыс хатпен марапат­талдық, – дейді кітапхана басшысы.

Игілік РАХМЕТОВ.

Жамбыл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp