«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СҚО полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті басшысы болып Айдын Қабдұлдинов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына Айдын Қабдұлдинов тағайындалды.

Облыстың ішкі істер органдарының жеке құрамына жаңа басшыны ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев және СҚО әкімі Құмар Ақсақалов таныстырды.

Айдын Тоқтарұлы Қабдұлдинов 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.

Ішкі істер органдарында 1994 жылдан бастап қызмет атқарады.

ҚР ІІМ Алматы заң институтының түлегі. Тергеу және жедел бөліністердегі жұмыс тәжірибесі мол. 2020 жылдың ақпанынан осы күнге дейін Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары болды.

Бұған дейін СҚО полиция ведомствосын басқарған Марат Төлебаев Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp