МҰРАЖАЙҒА СЫЙ
Облыстық бейнелеу өнері музейіне “Мұражайға сый” акциясы аясында Жас суретшілер одағының және “Таң-Шолпан” халықаралық әйелдер қорының мүшесі, белгілі суретші Рейхан Айтуарова “Желтоқсан 1986” картинасын сыйға тарту етті.
Облыстық бейнелеу өнері музейіне “Мұражайға сый” акциясы аясында Жас суретшілер одағының және “Таң-Шолпан” халықаралық әйелдер қорының мүшесі, белгілі суретші Рейхан Айтуарова “Желтоқсан 1986” картинасын сыйға тарту етті.
Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тікелей қолдауымен өңіріміздегі жас қаламгерлердің кітаптары баспадан шықты. Сағындық Сәбитұлының “Дөңдегі ауыл”, Аманжол Зағыпардың “Тағдырымның тамшылары”, Нұргүл Оқашеваның “Нұр” атты жинақтары мен “Қызылжар ақындар антологиясы” атты кітап оқырманға жол тартты. Жаңа жинақтар Алматыдағы “Алейрон” баспасынан басылып шықты. Бұл – Қызылжардың жас қаламгерлерінің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тартуы.
Биыл КСРО-ның және Қазақстанның халық әртісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада әншінің мерейтойына орай “Қазақтың күміс көмей әншісі” атты музыкалық кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға аға буын өкілдері мен жастар жиналды.
Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова Красноярскіде өтіп жатқан “Иван Ярыгин” Гран-приінің жеңімпазы атанды.
Қазақстандық теннисші Анна Данилина мен бразилиялық Беатрис Хаддад Майя жұбы “Australian Open – 2022” турнирінің финалында чехиялықтар Барбора Крейчикова мен Катерина Синяковамен сынға түсті.
Соңғы бес жылда облыста қылмыс санының төмендеу үрдісі байқалады. Қылмыстың ең көп таралған түріне жататын ұрлық саны да айтарлықтай азайған. Тоғыз пайызға төмендеген. Мәселен, ұялы телефон ұрлығы өткен жылмен салыстырғанда азайып отыр, нақтырақ 458-ден 306 фактіге дейін кеміді. Тәртіп сақшылары мұндай көрсеткішке бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алуға бағытталған жоспарлы іс-шаралар арқылы қол жеткізілгенін атап өтті. …
Сирия сергелдеңін көргендердің алдыңғы легі бостандыққа шықты. Петропавл әйелдер колониясында жазасын өтеген екі адам үйіне оралды. Жалпы “Жусан” операциясы барысында елге Сирия мен Ирактан 157 әйел қайтарылған еді. Оның 18-і қолдарына қару алып, террорлық ұйымға мүше болғаны үшін сотталған.
Коронавирустың жаңа штамы дүниежүзін дүр сілкіндірді. Жаңа штамм 32 мутацияны біріктіргендіктен адамға өте қауіпті. Осыған байланысты көптеген елдер шекарасын жауып, карантиндік шектеулер енгізіп жатыр. “Омикрон” штамына шалдығушылар қатары күн сайын көбейіп барады.
XX ғасырда жасағандардың іс-әрекеті, ой-санасы да осыған ыңғайлас болғандықтан пешенелеріне бақты да, сорды да батпандап сыйлағанын көзімізбен көрдік, ол аз болса тарих бетін парақтап білдік. Қуаныш пен шаттық сияқты өкініш пен опық та қатар жүретін көрінеді.
“Сендерден байлық сұраман, Сендерден байлық сұраман, өліп кетсем де! Алтындарыңды алмаспын, төгіп кетсең де, Мейірімге ғана мұқтажбын, білесіңдер ме? Мейірімге ғана мұқтажбын…”, – деп жырлаған қазақтың аяулы ақыны Фариза Оңғарсынованың “Жетімнің монологы” атты шығармасы бар емес пе, балдай тәтті балалық шағында батпандай ауыр мұң арқалап, жанары жәутеңдеген Диананы көргенде осы өлең жолдары ойға оралды…
Қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларды қолдау шаралары жалғасып жатыр. Еліміздің барлық аймағында Төтенше жағдай режімінің енгізілуіне байланысты кәсіпкерлер де, қарапайым азаматтар да жұмыстарын біраз кідіртуге мәжбүр болды. Нәтижесінде еңбек өнімділігі мен табыс төмендеп кетті. Аз уақыттағы шығынның үлкен перспективада өзіндік маңызы бар екені айтпаса да түсінікті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Хабар” телеарнасына берген сұхбаты – Қасым-Жомарт Кемелұлы, уақыт бөліп, қазақстандық БАҚ өкілі ретінде маған сұхбат беруге келіскеніңіз үшін Сізге көп рақмет. Өйткені мен Ақордаға сирек келетін, арнайы пулдың құрамына кірмейтін журналистпін. Соған қарамастан, осындай мүмкіндікке ие болып отырмын. Бұл үшін алғысым шексіз…
Халықтың әлеуметтік жағынан осал тобының өмір сүру деңгейін арттыру, масылдық көңіл күйді барынша азайту және өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылардың нақты кірістерін арттыру мақсатында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (МАӘК) көрсету биыл да жалғастырылады.
Солтүстік Қазақстан облысында былтыр 47 мыңнан астам адам жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша тексеріліп, 1800 адам диспансерлік есепке алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.