«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жастар тартуы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәдениет, тілдерді да­мыту және архив ісі басқармасы­ның тікелей қолдауымен өңірімізде­гі жас қаламгер­лер­дің кітаптары бас­падан шықты. Са­ғындық Сәбитұлы­ның “Дөңдегі ауыл”, Аманжол Зағы­пардың “Тағдырымның тамшыла­ры”, Нұргүл Оқашеваның “Нұр” ат­ты жинақтары мен “Қызылжар ақындар антологиясы” атты кітап оқыр­манға жол тартты. Жаңа жи­нақтар Алматыдағы “Алейрон” бас­пасынан басылып шықты. Бұл – Қы­зылжардың жас қаламгерлерінің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тар­туы.

– Бірден төрт қаламгердің кіта­бының жарық көруі өңір басшысы­ның мәдениет саласына деген ай­рықша қамқорлығы десек те бола­ды. Игі бастама жалғасын табады деген үміттемін. Қызылжар – ежел­ден ақын-жазушы, әнші-жыр­шылар­дың мекені. Киелі топырақта атақты жазушылар салып кеткен сара жолды жалғайтын жас қа­ламгерлер баршылық, – дейді об­лыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшы­сының міндетін атқарушы Досбол Әбдриисов.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp