«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ТЕЛЕФОН ҰРЛЫҒЫ АЗАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы бес жылда облыста қыл­мыс санының төмендеу үрдісі байқалады. Қылмыстың ең көп таралған түріне жа­та­тын ұрлық саны да айтарлық­тай азайған. Тоғыз пайызға тө­мендеген. Мәселен, ұялы те­лефон ұрлығы өт­кен жылмен салыстырғанда азайып отыр, нақтырақ 458-ден 306 фактіге дейін ке­міді. Тәртіп сақшылары мұн­дай көр­сеткішке бөтеннің мүл­кін ұр­лаудың алдын алуға ба­ғытталған жос­парлы іс-шаралар арқылы қол жеткі­зілгенін атап өтті. Халықтың арасын­да ақпа­раттық-түсіндіру жұмы­сын жүр­гізу, бейнебақылау камераларын кө­бейту және тағы басқа шаралар өз же­мі­сін беруде.

– Ұялы телефондар көп жағ­дайда көңіл көтеру орында­рында немесе пәтерлерде қол­ды болып жатады, – дей­ді по­лиция департаменті крими­налдық полиция басқармасы­ның бас­­тығы, полиция подполковнигі Ма­рат Жұмалиев. – Қоғамдық орын­дардағы сақтық ережелері туралы да ұмытпа­ған жөн, қымбат гад­жет­терді қарау­сыз қалдырмау қажет, шалбардың артқы қалтасына салма­ған жөн.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp