«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ҚАЗАҚТЫҢ БҰЛБҰЛЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл КСРО-ның және Қазақстанның халық әрті­сі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Сәбит Мұқа­нов атындағы облыстық әмбебап ғы­лыми кітапханада әншінің мерейтойына орай “Қа­зақтың күміс көмей ән­шісі” атты музыкалық кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға аға буын өкілдері мен жастар жиналды.

Музыкалық кештің қонағы күйші Серікбай Құсайынов әншінің шығармашылығы жайлы баяндады. Қазақ еліне ғана емес, алыс-жа­қын шетелге есімі мәлім жезтаңдай әнші Роза Бағланова қа­зақтың халық әндерін нақышына келтіре орындайтын. Одан бө­лек, венгер, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, әзірбайжан, ко­рей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед тілдерінде де ән сала­тын.

– Роза Тәжібайқызының орындауындағы Абайдың “Желсіз түнде жарық ай”, композитор Мұқан Төлебаевтың “Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы” атты әндері көпшілік­тің қошеметіне ие болды. Ол қайталанбас тұлға еді, – дейді Серікбай Құсайынов.

Музыкалық кеште әншінің көпшілікке таныс әндері орын­далды. Іс-шараға қатысушылар халық әртісі жайында ақпа­рат беретін кітап көрмесін тамашалады.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp