«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰРАЖАЙҒА СЫЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық бейнелеу өнері музейіне “Мұражайға сый” акциясы ая­сында Жас су­рет­шілер одағының және “Таң-Шолпан” халықара­лық әйелдер қорының мүшесі, белгі­лі суретші Рейхан Айтуарова “Желтоқсан 1986” картинасын сыйға тарту етті.

Автор картинада алаңда әділ­дік үшін күрескен жастардың қайрат­кер­лігін су­реттеген. Тә­уел­сіздік үшін құрбан болған жас­тардың ерік-жігерін басып-жан­шыған жен­дет­­тердің іс-әрекеті де бұл кар­тинаға ар­қау болған. Суретшінің тамаша еңбегімен облыс жұртшы­лығы ал­да­ғы уа­қыт­та таныса алады.

Өнерпаздың 2019 жылы біз­дің облыста өткен “Ботай – Ұлы дала мә­дениеті” атты І халық­аралық су­ретшілер симпозиу­мына қатысқа­нын айтып өткен жөн. Үстіміздегі жылдың қыр­күйек айында Петро­павл қала­сында сурет­шінің жеке кескін­де­ме көрмесін өткізу жоспарла­нуда.

Гүлнұр ЗЕЙНЕЛҒАБИДЕНОВА,

облыстық бейнелеу өнері музейінің қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp