«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Зияткерлік мектеп оқушысы атан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы хи­мия-биология бағытындағы На­зар­баев зияткерлік мекте­біне оқуға түскісі келетін өңір оқушы­ларының құжаттарын қабылдау шарасы жүріп жатыр. Құжат қа­был­дау ақпанның 21-іне дейін жал­ғасады. Ал сәуірдің 14-15 күндері арнайы тестілеу ұйымдасты­рылып, одан сүрін­бей өткендер Назарбаев зият­керлік мектебінің оқушысы атана алады.

Аталған конкурс 2022-2023 оқу жы­лында Назарбаев зияткерлік мекте­бін­де оқығысы келетін үміт­керлерге ар­нал­ған. Арнайы байқауға қатысатын­дар “Өркен” білім беру грантына ие болады. Грант иегерле­ріне мектеп формасы мен спорт киімі, тамақ тегін беріледі. Аудандар мен ауылдардан келген балаларға жатақхана беріледі.

Санитарлық талаптарды сақтау, зият­керлік мектептің қабылдау ко­мис­сиясына келушілер ағымын рет­теу үшін онлайн брондау қызметі жү­зеге асыры­лады. Бұл қызмет құ­жатты тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын алдын ала белгі­леуге мүм­кіндік береді. Сон­дықтан, мектепке келер алдында ата-аналарға сайтта өздері келетін уақытты брондап алуға кеңес береміз. Брондау мек­тептің https://ptr.nis.edu.kz/ сайтын­да “үміт­керлерге” бөлімінде жүзеге асыры­лады.

Үміткерлер үшін конкурс екі кешенді тестілеуден тұрады: бірін­шісі – жара­тылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін баға­лау бойынша тест, екіншісі – тілдік тест. Жаратылыс­тану-математикалық ба­ғыт­тағы пән­дерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест мынадай бөлім­дерден тұрады: математика, сандық си­пат­тамалар (сандарды пайдалану дағ­ды­лары мен олардың арасындағы өз­ара байланысты көре білу қабі­летін анықтау), жаратылыстану. Тіл­дік тест қа­зақ, орыс және ағылшын тілі пәндері бойынша тест тапсыр­маларынан тұрады.

Данияр УӘЛИЕВ,

Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp