«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Инвестиция артты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан ай­ларында тұрғын үй салу көлемі – 14,7, негізгі капиталға салынған ин­вести­ция­лар – 10, құрылыс жұмыс­тары мен өнеркәсіп өндірісі 5,8 па­йызға өсті. Не­гізгі капиталға құйылған инвестиция­лар көлемі 332 млрд. теңгені құрады. Шаруашы­лық жүргізетін субъектілер­дің мен­шікті қаражаты (инвестиция­лар­­дың жалпы көлемінің 53 пайызы) не­гізгі капиталға салынған инвес­ти­ция­ларды қаржыландырудың негізгі көзі саналады. Негізгі капи­талға құ­йыл­ған инвестицияларды игеру бо­йынша басым салалар: ауыл, орман және балық шаруа­шылықтары (48,4 пайыз), көлік (15,1), жылжымайтын мү­лікпен жа­салатын операциялар (15 па­йыз) және өнеркәсіп (12,1 пайыз).

Инвестициялар өз жемісін беріп, ауыл шаруашылығы жалпы өнімі­нің көлемі 895,1 млрд. теңгеге жуықтады. Ал өнеркәсіп өндірісінің көлемі 364,7 млрд. теңге болды. Құ­рылыс жұмыс­та­рының көлемі 107,1 млрд. теңгеге жетті. Оның төрттен бірі жолдар мен ав­тома­гистральдар құрылысына тиесілі. Пайдалануға берілген тұрғын үй­лердің жалпы ауданы – 351,1 мың шаршы метр. Әр шаршы метрге жұм­салған орташа нақты шығын 131,2 мың теңгені құрады.

Әлия АРҒЫМБАЕВА,

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы облыстық департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp