«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көрші ауылға бармақ болған ер адам боранда адасып қалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында көрші ауылға бармақ болып боранды күні жолға шыққан ер адам адасып кетті. Тұрғынды құтқарушылар аман-есен тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 31 қаңтарда болған. Сағат түнгі 22.30 шамасында облыстық төтенше жағдай департаментінің жедел кезекшісіне боранда адасып кеткен ер адам хабарласқан. Ол Ақсуат елді мекенінен Есіл ауылына тас жолмен жаяу шыққанын, бірақ басталған бораннан жолдан адасып кеткенін айтқан. Көмек сұрап, өз бетімен үйге жете алмайтынын жеткізген.

Төтенше жағдай туралы ақпарат Тимирязев аудандық төтенше жағдайлар бөліміне жетісімен бірден іздеу шаралары басталды. Құтқарушылар іздеуді 2 ауылды байланыстыратын тас жолдан бастады.

«Түн, әрі боран жұмысымызды қиындатты. Бірақ, ер адам жолдан алысқа ұзамағандықтан, оның ізіне түсе алдық. Боранда адасқан тұрғын да бізге барынша көмектесіп, ұялы телефонмен үнемі байланыста болды. Бағдарлауға тырысты», – дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Абай Сетақов.

Боранды түнде адасқан ер адам, Есіл елді мекенінің 50 жастағы тұрғыны екен. Ол сол түні сағат 1.25 минут кеткенде Ақсуат ауылынан 8 шақырым жерден табылды.

Жалпы биылғы қыста СҚО-да 54 дауылды ескерту жарияланды, іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесінде 4 адам құтқарылды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp