«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СҚО бойынша ТМРКД-ның басшысы қызметінен босатылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілі болғандай, ағымдағы жылғы 26 қаңтарда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңес отырысында СҚО бойынша ТМРК-ның аумақтық департаментінің басшысы Абай Клименович Балабековтың әдепсіз мінез-құлқы қаралып, онда оны жұмыстан босату түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бірауыздан шешім қабылданды.

Осылайша, дискомиссияның ұсынымы негізінде, Ұлттық экономика министрлігінің Аппарат басшысының 2022 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығымен Абай Клименович Балабеков ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы қызметінен босатылды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp