«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тірі адам өлгендер тізіміне еніп кеткен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының тұр­ғы­ны, зейнеткер Алмагүл Есен­бердина өзінің тірі екенін дә­лел­деумен әлек болып жүр. Ол белгісіз себептермен мәлі­мет­тер базасында өлілер тізі­міне еніп кеткен.

– Өлім туралы анықтаманы көр­генде не дерімді білмей қалдым. Әлі түсініксіз күйде жүрмін, – дейді Ал­магүл Есенбердина. Өзінің “өлгені” туралы ол кездейсоқ білгенін айтады. Жоспарлы отаға дайындалу үшін құжаттарды рәсімдейтін кезде меди­циналық портал оның тірілер қата­рында жоқ екенін айтқан. Ал іс­тің мән-жайын анықтауға кіріскен кезде, мәселе тіптен күрделене тү­сіпті. “Ма­ған зейнетақы төлеу жөнін­дегі мем­лекеттік орталықтан хабар­ласып, қаңтар айына зейнетақы жі­бергенін айтады. Бірақ ақпан айына бере ал­маймыз. Өйткені сіз әлі тізім­де “өлі” ретінде шығып тұрсыз”, – де­ген.

Алмагүл өзінің тірі екенін дәлелдеуге тырысып, түрлі инстанциялар­дың табалдырығын тоздырып жүр­геніне бір айға жуық уақыт өтті. Бі­рақ оған алғашында ешкім мәселе­нің шешімін айта алмаған. Халыққа қыз­мет көрсету орталығы да қауқар­сыз­дық танытыпты. “Бізде ХҚКО-дағы бағдарлама біріктірілген. Яғни адам кез келген мемлекеттік қызметті алу­ға келгенде, мәліметтер түрлі бағ­дарламалар мен ведомстволардан жүктеледі. Яғни ЖСН-ге қатысты ақ­параттарды түзете алмаймыз”, – деп түсіндірді “Азамат­тарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету бөлімі­нің басшысы Виталий Кирющенко.

Прокуратура өтініш білдіргеннен кейін ғана оның “өлімі” туралы жазба жо­йылды. “Екібастұз қаласының АХАТ бөлімі қызметкерінің техни­калық қатесіне байланысты Алма­гүл Есенбердина 2021 жылғы 21 жел­тоқ­саннан бастап барлық деректер базасында қайтыс болғандар қатары­на еніп кеткен. Қазіргі уақытта өлім туралы актілік жазбаның күші жойылды”, – деп хабарлады Петро­павл прокуратурасының қызметкері Әмір Рахимов.

Алмагүл Есенбердина құжаттар­ды реттеймін деп жүріп, күйзелістен денсаулығы күрт нашарлағанын айтады. Енді бір емес, екі күрделі операция қажет. Емделіп шыққан соң тірі адамды “өлілердің” санаты­на ен­гізгендерден моральдық шығынды өндіріп алмақ.

Айтолқын КЕҢЕСХАН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp