«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАРУАЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА ӘЗІР қор жас мамандарға да жәрдемдесе бастады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру шаралары аясында 2021 жылғы 13 желтоқсаннан бастап “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” мен “Аграрлық несие корпорациясы” біріктірілді. Сонымен бірге шағын бизнесті несиелеу, агроөнеркәсіптік кешенді сақтандыру операторының міндеттері және “Дипломмен – ауылға!” жобасы аясында ауылдық жерлерден баспана алуға ипотека беру бойынша сенім агентінің міндеттері де бізге тапсырылды.

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша агроөнеркәсіп кешенін қаржыландырудың жалпы көлемі 29 млрд. 244 млн. теңгені құрады. Шамамен бір мыңнан астам жобаны жүзеге асыруға қаражат берілді. Соның ішінде 33 пайызы не­месе 10,5 млрд. теңге тура несиелеу­ге жұмсалды, ал 67 пайызы жеке қаржы институттарын қорландыруға жіберілді. Сондай-ақ жанама қаржы­ландырудың ең үлкен көлемін об­лыс­тағы несие серіктестіктері қор­лан­дырды. Банкттер тек қана көктем­гі егіс жұмыстарына бюджеттік қар­жыландыруға қатысты.

Қаржыландыру бағыттарының ішінде шаруа қожалығы, фермерлік және ұжымдасқан шаруашылықтар­ды көктемгі егіс және күзгі орақ жұ­мыс­тарын жүргізу мақсатында қар­жыландыру ең ауқымдысы болып табылады. Осы бағыт бойынша өт­кен жылы қаржыландырудың жалпы сомасы 18,5 млрд. теңгені құрады немесе жеңілдік шарттарымен беріл­ген несиенің жалпы көлемінің 63 па­йызын құрап, 305 өтінім бойынша қар­жыландыру жүзеге асырылды. Қар­жының көп бөлігін Ғабит Мүсірепов атындағы және Тайынша ауданда­рының шаруалары пайдаланды.

Жаңа ауыл шаруашылығы техни­ка­ларын сатып алу үшін жалпы сома­сы 4 млрд. теңгеге тең 103 несие бе­рілді. Осы қаражат есебінен 167 за­манауи техника және тіркеме құрыл­ғысы сатып алынды, соның ішінде 13 егіс кешені, 18 комбайн, 54 трактор бар. Несиенің жалпы көлемінің 25 па­йызынан астамы Қызылжар ауданы­ның шаруашылықтарына берілді.

Шағын несиелеу бағыты бойынша 581 өтінім қанағаттандырылып, жал­пы сомасы 2 млрд. 898 млн. теңгеге қаржыландырылды. Соның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту және жап­пай кәсіпкерлікті дамытудың “Еңбек” бағдарламасы аясында 362 өтінім бойынша жалпы сомасы 1 млрд. 786 теңге берілді. Бұл қаражаттың не­гізінен ауылдық жерлердегі кәсіпкер­лердің жеке істерін ашуына немесе кәсіптерін кеңейтулеріне көмегі зор болды. Несие қаражаты ауыл ша­руашылығы бағыты бойынша ірі қа­ра, жылқы, қой-ешкі, құс және басқа да үй жануарларын сатып алуға жұмсалса, елді мекендердегі ауыл шаруашылы­ғына жатпайтын бизнес түрлерін да­мытуға – жүк тасымал­дау, сауда, сән салонын ашу және басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға да мүмкіндік жасалды.

Мал шаруашылығын дамыту бағ­дар­ламалары бойынша 48 шаруа­шылыққа жалпы сомасы 3 млрд. 272 млн. теңге несие берілді, соның ішін­де “Сыбаға” бағдарламасы бо­йынша 3 шаруашылыққа етті тұқым­ды 5155 ірі қара сатып алуға, 12 ша­руашы­лыққа 470 бас тауарлық ірі қара алуға (соның ішінде Аққайың ауданындағы отбасылық тауарлы-сүт фермасы Украинадан 66 бас асыл тұқымды мал сатып алды), 28 шаруашылыққа 1180 бас жылқы сатып алуға, және 5 шаруашылыққа 1400 бас ұсақ мал алуға жұмсалды. Осылайша Солтүс­тік Қазақстан об­лысын несиелеуге бөлінген бюджет­тік қаражаттар толық игерілді.

“Аграрлық несие корпорациясы” акционерлік қоғамы жұмыс істеу үшін ауылға келген мамандарды жеңіл­дікпен несиелеу бағдарламасын жү­зеге асыруға құқылы. Бағдарла­ма­ның мақсаты – маман тапшы ауыл­дық жерлерге жұмыс істеу және тұр­ғылықты тұру үшін қалалардан және басқа да елді мекендерден келген ма­мандарға “Ауылдық ипотека” шарт­ты атауымен тұрғын үй сатып алуға және салуға бюджеттік несие беру.

Бағдарлама талаптарына сай келе­тін мамандар санаты – ауылдық елді мекенге жұмыс істеу және тұрғылықты тұру үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қам­тамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округ, ауыл кенттерінің әкімі ап­паратының мемлекеттік қызмет­керлері.

Ауылдық елді мекенге жұмыс істеу және тұрғылықты тұру үшін келген мамандарды әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері мынадай:

1) Қосалқы жәрдемақы сомасы жүз еселенген айлық есептік көрсет­кішке тең;

2) Тұрғын үй сатып алу немесе са­лу үшін әлеуметтік қолдау – сыйақы мөлшерлемесі – 0,01 пайыз, ал кө­лемі 1500 айлық есептік көрсет­кіштен аспайтын сома, бюджеттік несиені өтеу мерзімі – 15 жылға дейін.

Былтыр 234 маманға 962,8 млн. теңге берілгенін айта кеткен жөн.

Биыл көктемгі және күзгі дала жұ­мыстарын қаржыландыруды жалғас­тырудамыз. Өткен жылы желтоқ­сан­нан бастап “Кең дала” бағдарламасы аясында қаржыландыруға өтініштер қабылдау басталды. Осы бағдар­ламалар бойынша несиелердің жыл­дық үстемеақысы 5 пайызға дейінгі мөлшерлемемен берілуде.

Ауыл шаруашылығы техникасын немесе мал сатып алуға ниеті бар ауыл шаруашылығы тауарын өнді­рушілер “Агробизнес” бағдарламасы бойынша қаржыландырылады. Бұл бағ­дарлама бойынша сыйақы мөл­шерлемесі субсидиялау есебімен 7-10 пайызды құрайды.

“Жұмыспен қамтудың жол кар­тасы” бағдарламасы аясында “Биз­нес-Бастау” жобасының түлектерін қаржыландыру жалғасуда. “Ата­мекен Қызылжар” ШҚҰ арқылы жыл­дық үстемесі 6 пайыздан аспайтын, аз қамтылған немесе көпбалалы отба­сылардың мүшелері үшін 4 па­йыздан аспайтын мөл­шерлемемен жеңіл­детіл­ген несие берілуде.

Қазір “Еңбек” бағдарламасын жү­зеге асыру бойынша қосымша қара­жаттың бөлінуін күтіп отырмыз. Бұл бағдарлама бойынша да жылдық үс­темесі 6 пайыздан аспайтын, аз қам­тылған немесе көпбалалы отба­сы­лар үшін 4 пайыздан аспайтын же­ңіл­детілген несие қарастырылатын бо­лады. Аталмыш бағдарлама бо­йын­ша “Бизнес-Бастау” курсын оқу қа­жет, егер кәсіпкер ретінде тіркел­гені­не 3 жылдан асса, оқу талап етіл­мейді.

Біз өзіміздің тұрақты және жаңа клиенттерімізге несиелеудің жеңіл­детілген талаптарымен қаржылай қолдау көрсетуге әркез дайынбыз.

Алмат ҚОЖАХМЕТОВ,

“Аграрлық несие корпорациясы” АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp