Өткен жылы “Bars” баскетбол клубы өңір тарихында алғаш рет ел біріншілігінде топ жарып, солтүстікқазақстандықтардың төбесін көкке жеткізген болатын. Жергілікті ұжым биыл да сәтті өнер көрсетуде. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша команда 2-ші орында келеді. Қазір жігіттер Петропавлда кезекті турға дайындық үстінде. Бас бапкер Николай Куркин команданың жаттығуын тамашалауға қала және аудандағы спорт мектептерінің мамандарын шақырып, бар білгенімен бөлісті. “Бүгін клубтың басшылығымен және ойыншыларымен бірге шеберлік сағатын өткіздік. Шара соңында мамандарға бағыт-бағдар бердік. Өзім қала және облыс бапкерлерімен әріптестік қарым-қатынас орнатқаныма қуаныштымын”, – деді Николай Куркин.
Шеберлік сағаты барысында шабуыл және қорғаныс кезіндегі комбинациялар, түрлі айлатәсілдер көрсетілді. Дене қыздыру жаттығулары туралы да айтылды.
Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.