«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірде коронавирус әлі өшіп тұр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында инфекциялық стационарлардағы сырқаттар саны артып келеді. Коронавирус жұқтыру да жоғары деңгейде қалған, өткен тәулікте вирус 382 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтар айында 4 705 адамнан коронавирус анықталған. Бұл – желтоқсан айымен салыстырғанда екі есеге көп. Өңірде аурушаңдық 15 қаңтардан бастап күрт артты. Осы аралықта 4691 адам қауіпті инфекцияны жұқтырды.

Өңірдің инфекциялық стационарларында қазір 449 адам ем алып жатыр, сырқаттар саны артып, жұқпалы ауруханалар 32 %-ға жүктелген. Жансақтау бөлімшесінде 22 науқас бар. Індет басталғалы 466 адам ауырып қайтыс болды.

Жалпы СҚО-да 39 900 адам коронавирус жұқтырды, олардың 35 855-і тәуір болып шықты.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp