«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлда былтыр газ баллоны жарылған көпқабатты үйден тағы да өрт шықты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда көп қабатты үйдің бірінші қабатында өрт шығып, мамандан 23 адамды эвакуациялады, 4 тұрғынды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 7.56 кезінде «101» жедел арнасына Петропавлдағы Интернационал көшесі, 21 үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түседі.

Өрт сөндірушілер келгенде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердің терезесінен қою түтін шығып жатқан.

Жабық есікті бұзып ашып, мамандар өртті сөндіруге кірісті. Осы уақытта құтқару жұмыстары қатар жүргізіліп, жоғары қабаттардан баспалдақпен 23 адам, соның ішінде 4 бала қауіпсіз жерге шығарылды.

Тағы 3 ересек пен 1 бала құтқарылды.

Оқиға орнында 23 өрт сөндіруші мен 8 техника жұмыс істеді. Өрт сағат 8.30-дар шамасында толық сөндірілді. Пәтердегі дүние-мүлік толық зақымданды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Былтыр ақпан айында осы көп қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханалардың бірінде өрт шығып, газ баллоны жарылған еді.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp