«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мас жүргізуші көлігімен соққан ерлі-зайыптылар көз жұмды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында ерлі-зайыпты мас жүргізушінің кінәсінен мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 3 ақпанға қараған түні Есіл ауданы Волошинка елді мекенінде болған. «Ford Focus» автокөлігінің жүргізушісі ауыл маңындағы жолда жаяу кетіп бара жатқан ерлі-зайыптыны қағып кеткен.

Олар сол жерде жан тапсырды.

Шетелдік көліктің жүргізушісі оқиға орнында ұсталды. Куәландыру жүргізушінің алкогольді мас болғанын көрсетті.

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне алып келген алкогольдік масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

32 жастағы жүргізуші, Волошинка ауылының тұрғыны, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Оқиғаның мән-жайы анықтау жұмыстары барысында белгілі болмақ.

«Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзушыларды анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларға қарамастан, жүргізушілердің жол үстіндегі тәртібі көңіл көншітпейді. Жыл басынан СҚО жолдарында көлікті мас күйде жүргізген 50-ден астам жүргізуші ұсталды», – дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp