«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік Қазақстанда былтыр жасына толмаған 74 сәби шетінеген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында былтыр 74 сәби жасқа жетпей көз жұмған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысында облыстық көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары Нұрлан Жақыпов 2020 жылы бір жасқа дейінгі 56 бала қайтыс болғанын хабарлады.

Бес жасқа дейінгі қайтыс болған балалар саны – 87. Мұнда да 20 %-ға жуық өсім бар.

«Қайтыс болған балалардың бесеуі тыныс алу жүйесі, үшеуі – қан айналым жүйесі ауруларынан көз жұмды. Туа біткен аурулардан болатын өлім екі есе өскен. Соның жартысы – жүрек-қан тамырлары жүйесінің туа біткен ақаулары. Жүкті әйелдердің есепке кеш тұруынан іштегі баладағы ауру да кеш анықталға. Тағы 11 жағдайда жүрек ақауы тек үшінші скринингте анықталды», – дейді дәрігер.

Былтыр үйдегі сәби өлімінің тоғыз жағдайы тіркелді. 2020 жылы бес дерек анықталған. Нұрлан Жақыповтың айтуынша, бұған алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде жеткіліксіз жұмыс атқарылуы себеп. Мысал ретінде ол ЖРВИ-ден болған балалар өлімін келтірді. Мұндай сәбилер ауруханаларда емделуі керек.

«Мәселені шешу үшін жүкті әйелдерді облыстық перинаталдық орталыққа дер кезінде скринингке жіберу, патронаж бен оған бақылауды қамтамасыз ету, фертильді жастағы әйелдерді сауықтыру, жүктілікті жоспарлау, бақылау және ерте есепке қою қажет. Пандемияға дейін екі айда бір рет аудандарды аралайтынбыз. Ауылдарда жоқ мамандардан бригада жинап, балаларды тексеретінбіз. Бұл жақсы көмек болды. Нәтижесінде ауырған балалар анықталып, есепке қойылатын. Мұндай балалардың тізімі орталық аудандық ауруханалардың бас дәрігерлеріне және аудан әкімдеріне берілді. Бізде реанимациялық кеңес беру орталығы жұмыс істейді. Егер бала аудандық ауруханаға ауыр халде түссе, онда тәуліктің кез келген уақытында кеңес бере аламыз. 99 % жағдайда дәрігерлер бригадасы жергілікті жерде көмек көрсету үшін жолға шығады. Бұл жұмысты жалғастырып, санавиациямен байланысты қалдыру қажет», – дейді Нұрлан Жақыпов.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp