ЖАНЫП КЕТТІ
Петропавл қалалық «Нұр» мешітінен өрт шықты. Зардап шеккендер, қаза тапқандар жоқ.
Петропавл қалалық «Нұр» мешітінен өрт шықты. Зардап шеккендер, қаза тапқандар жоқ.
Бокс – еліміздегі кең тараған спорт түрлерінің қатарында. Қызылжарлықтар да халықаралық деңгейде түрлі додалардың жеңімпазы атанып, көк Туымызды желбіретіп жүр. Облыстың бокс тарихында атын алтын әріптермен жаздырған, ел мақтанышына айналған Жанат Жақиянов былғары қолғабын шегеге ілгелі оны іздейтіндер көбейді. Жақында кәсіпқой бокстан WBA (Super) нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы, бүгінде Камиль Сафин атындағы бокс мектебінің …
“Харекет” қайырымдылық қоры Петропавлда тұратын көпбалалы анаға үй сатып алып берді. 2017 жылы құрылған қор бес жылдан бері баспанаға мұқтаждарды қуантып келеді. Осы уақыт ішінде ұйым өкілдері 569 отбасының арманын орындапты. Қарлығаш Адасбаева – алты баланың анасы. Үлкен қызы церебралды сал аурымен ауырады. Ал кенжесі әлі үш жасқа толмаған. Қор мүшелері жалғыз басты ана үшін …
Білім және ғылым министрлігі қазақстандық жоғары оқу орындары арасында өткізілген рейтинг нәтижесін жариялады.
Қызылжар өңірінде қаңтар айында облыстық көші-қон қызметінің мамандары 39 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты, оған негізгі себеп – Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзу. Бұдан бөлек, облыстың 58 тұрғыны да жазаға тартылды, олардың басым бөлігі шетелден қонаққа келген азаматтар туралы үш жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарын хабардар етпеген.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Марат Қанғожинов, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Дмитрий Растихин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қыс маусымы кезінде қызыл жалыннан сақтану шаралары және қар құрсауында қалғандарды құтқару туралы айтып берді.
Солтүстік Қазақстан облысының жаңадан құрылған қоғамдық кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті. Отырысты облыстық мәслихаттың хатшысы – қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Владимир Бубенко ашты. Ол қатысушыларға Қазақстан Республикасының “Қоғамдық кеңестер туралы” Заңына, үлгілік ережеге сәйкес құрамына тоғыз адам кіретін жұмыс тобын құру бойынша конкурс өткенін хабарлады. 2021 жылғы 31 желтоқсаннан бастап, …
Облыстық білім басқармасы өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, биылғы міндеттерді айқындады. Ведомствоның алқа мәжілісіне өңір басшысының орынбасары Ғани Нығыметов қатысты. Биыл білім саласына бөлінген қаржы көлемі 13,1 пайызға артты, яғни саланы дамытуға 114 млрд. теңге жұмсалады. Бұл – өңір бюджетінің 35 пайызына тең.
Солтүстік Қазақстан облысында шаруашылық басшыларының тұрғындар алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде меморандум әзірленді. Құжатта әр елді мекеннің ерекшелігі, даму деңгейі ескерілген. Өйткені бір ауылда әлеуметтік нысандар жұмыс істесе, енді бірінде тіпті балаларға арналған қарапайым ойын алаңы да жоқ. Биылдан бастап жергілікті билік бұл олқылықтарды жоюды қолға алмақ. Ауыл-аймақты көркейтуге шаруашылықтар қол ұшын береді.
Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының алқа мәжілісі өтті. Жиында облыс аумағында орналасқан кәсіпорындардың, шағын және орта бизнес субъектілерінің өткен жылғы көрсеткіштері, туризм, сауда салаларын дамыту, инвестиция тарту бағыттарында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар әңгіме арқауына айналды.
Екі мыңнан астам көлі, 700 мың гектарға жуық орманды алқабы бар өңірде экотуризмді дамытуға мүмкіндік зор. Оның ішінде Шалқар-Имантау курортты аймағының әлеуеті жоғары. Табиғаты көркем бұл жер 2018 жылы республикалық маңызға ие он үздік жоба қатарына енгізілген.
1931 жылдың қаңтар айында Шыңғыстауға (Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының маңы) сол кездегі Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы, жазушы Сәбит Мұқановтан арнайы хат келеді. Хатта ол Шәкәрімнің еңбектерін басып шығаруға көмектесетінін және сол үшін қолжазбаларын жіберуді өтінеді. Кейін Шәкәрім Құдайбердіұлы Сәбит Мұқановқа жауап хат жазады. Хат мәтіні “Шәкәрім: ғылыми-танымдық басылымынан” (Алматы, 2013, 377-379 беттер) …
Солтүстік Қазақстан облысына нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы арқылы 2017-2021 жылдар аралығында 2700 отбасы қоныс аударды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің конфессиялық кеңістік құрылымы айтарлықтай өзгеріп, жаңа діни ахуал қалыптасты. Діни бірлестіктердің саны артып, республика аумағында жұмыс істейтін миссионерлердің іс-әрекеті қадағалана бастады. Діни сенім бостандығын өз мүдделеріне пайдаланып, теріс ағымдар жайлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, радикалды бағыттағы идеологияны насихаттауға ұмтылатындарға жол бермеу, заңсыз іс-әрекеттерін болдырмау басты міндетке айналды. Бүгінгідей күрделі ахуал жағдайында этносаралық …
Газетіміздің 2022 жылы 25 қаңтар күнгі санында “Қазақ мектебіне қатынау қиын” деген атаумен Мамлют қазақ мектеп-интернатына қатысты мақала жарияланған болатын. Онда “Оңтүстіктен – Солтүстікке” бағдарламасымен көшіп келген тұрғындардың балаларының мектепке қатынауы сөз болған еді. Ал басылымның 28 қаңтардағы санында қаланың іргесіндегі Воскресеновка ауылындағы оңтүстіктен көшіп келген қандастардың жанайқайын “Қазақ сыныбы ашылып, жайылым берілсе” деген тақырыппен …
ОҚУШЫЛАРҒА КӨЛІК БЕРІЛДІ, қазақ сыныбын ашу қыркүйекке қалды Read More »
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Бұл жұмыстар Үкіметтің “Жекешелендіру объектілерін сату ережесін бекіту туралы” 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысына сәйкес жүргізілуде.
Қаңтар айының ішінде көші-қон қызметі бөліністері алты солтүстікқазақстандыққа ескі үлгідегі төлқұжаттарының орнына қазақстандық жаңа жеке куәлік берген. Өткен жылы облысымыздың 47 тұрғыны қызыл төлқұжаттарын жаңа үлгідегіге алмастырды.
Солтүстік Қазақстан облысында 200-ге жуық борышкер алимент төлеуден қашып жүр. Олардың ортақ қарызы 295 млн теңге шамасында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында экономиканың негізгі салаларында оң өсім бар. Өңірде өнеркәсіптің, инвестиция тартудың және баспана салудың өсу қарқыны республикалық орташа көрсеткіштен жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.