«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Алимент бойынша қарыз 295 млн теңгеге жеткен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында 200-ге жуық борышкер алимент төлеуден қашып жүр. Олардың ортақ қарызы 295 млн теңге шамасында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Асан Маткәрімовтің айтуынша, өңірде 6 350 алимент төлеуші бар. Олардың 3 800-ден астам бойынша мәселе жоқ, міндеттерін жүйелі түрде орындайды. Ал алимент төлеуден жалтарып жүргендердің саны – 197. Олардың ортақ берешегі 295 млн теңгеге жуықтаған.

«Олар бір рет те алимент төлемеген. Борышкерлерден өндіріп алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Олардың мүліктеріне тыйым салынды. Қазақстаннан шетелге шығуға, банк есепшоттарына тыйым салынды. Жүргізу куәліктері немесе басқа да лицензиялары болатын болса, сот арқылы олар тоқтатылады. Жалпы борышкерлердің барлығы бүгінгі таңда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды», – дейді Асан Маткәрімов.

Былтыр өңірде 161 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың 71-і қамауға алынса, 89-ына айыппұл салынды. 12 қылмыстық іс сотқа жіберілді. 9 борышкер ҚР Қылмыстық Кодексінің 139-бабы бойынша сотталды. Тағы 2 адамның ісі қаралып жатыр. Сондай-ақ, 21 қылмыстық іс тараптардың мәмілеге келуіне байланысты тоқтатылған.

«Егер борышкер 3 ай қатарынан өз міндетін орындамаса шара қолданамыз. Жеке сот орындаушылары қаулы шығарып, танысуға 3 күн береді. Егер нәтиже шығармаса, шектеулер қоямыз. Полициямен, миграциялық қызметпен бірге жұмыс істейміз. Олар борышкерлерді табуға көмектеседі», – дейді СҚО жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Асан Маткәрімов.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp