«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар өңірінде қаңтар айында облыстық көші-қон қыз­метінің мамандары 39 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тарт­ты, оған негізгі себеп – Қазақстан Республика­сын­да болу мерзімін бұзу. Бұдан бөлек, облыстың 58 тұрғыны да жазаға тар­тылды, олардың басым бөлігі ше­телден қонаққа келген азаматтар ту­ра­лы үш жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарын хабардар етпеген.

Осындай фактілерді анықтау бойынша жұмыс облыста өткізіліп жатқан “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы ба­ры­сында тіпті күшейтілді. Көші-қон қыз­метінің мамандары ба­зарларды, құрылыс алаңдарын, шаруашылық­тар мен заңсыз ең­бек мигрантта­рын жиі кездесті­руге болатын өзге де орындарды тексеруде. Петро­павлда жұмысқа орналасуға құқығы жоқ өзге елдің тұрғынын жөндеу жұ­мыстарына жалдаған кәсіпкер жа­уапкерші­лікке тартылды.

Қазіргі уақытта біздің облыс ау­ма­ғында 2593 шетел азаматы жүр. Қаңтар айында шетел­дік­терге жұ­мысқа орналасуға 105 па­тент берді. Жалпы өңірдегі көші-қон жағдайы тұрақты. Шетелдік­тер мен оларды қабылдаушы адамдарға Қазақстан Республи­касы заңнамаларының та­лап­тарын қатаң сақтауға кеңес береміз.

Талғат ӘБІЛОВ,

облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp