«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ЖАҚСЫЛЫҚ НӘРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Харекет” қайырымдылық қоры Петропавлда тұратын көпбалалы анаға үй сатып алып берді. 2017 жылы құрылған қор бес жылдан бері баспанаға мұқтаждарды қуантып келеді. Осы уақыт ішінде ұйым өкілдері 569 отбасының арманын орындапты. Қарлығаш Адасбаева – алты бала­ның анасы. Үлкен қызы церебралды сал аурымен ауырады. Ал кенжесі әлі үш жасқа толмаған. Қор мүшелері жал­ғыз басты ана үшін арнайы есепшот ашып, баспанаға қажетті қаржыны жи­наған. Осыған дейін қабырғасы жар­тылай жерге кіріп кеткен үйді паналап келген отанасының қуанышында шек жоқ. Ол тосын сыйға әлі де сенер емес.

 

“Харекет” қайырымдылық қорының жетекшісі Гүлмира Мұқанқызына ал­ғы­сым шексіз. Еріктілерге рақмет ай­тамын. Мен секілді көмекке зәру жан­дарды қуантып отырған қор алдағы уақытта да талай жанның көңіліне шат­тық сыйлары сөзсіз”, – деді көпбалалы ана.

Қор табыстаған 3 бөлмелі үй облыс орталығында орналасқан. Үйдің ішін­де тұрмысқа қажетті жиһаздың бәрі бар.

Көпке қуаныш сыйлап жүрген қорда еңбек ететін еріктілердің дені – сту­денттер. Солардың бірі Бекмұхаммед Сапархан. “Қолдауға шын мұқтаж жан­дардың қуанышын, шынайы ризалы­ғын көрген кезде өмірдің мәніне терең бойлағандай күй кешемін. Біреуге жақ­сылық жасаудан артық бақыт бар ма? Осынау ізгілікті іске барша отандас­тарымыз үлестерін қосуда”, – деді ол.

Әміре АҚБАТАЙ. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp