«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰРАМЫ ЖАҢАРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысының жаңадан құрылған қоғамдық кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті. Отырысты облыстық мәслихаттың хатшысы – қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Владимир Бубенко ашты. Ол қатысушыларға Қазақстан Республикасының “Қоғамдық кеңестер туралы” Заңына, үлгілік ережеге сәйкес құрамына тоғыз адам кіретін жұмыс тобын құру бойынша конкурс өткенін хабарлады. 2021 жылғы 31 желтоқсаннан бастап, биылғы 19 қаңтарға дейін жұмыс тобы қоғамдық кеңестің жаңа құрамын сайлау бойынша конкурс жариялады.

Құжаттарды қабылдау және қарау аяқталғаннан кейін үстіміздегі жылдың 1 ақпанында кандидаттармен әңгімелесу өткізілді. Бағалау қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің құрамына 21 мүше сайланды. Облыстық мәслихат сессиясының 3 ақпандағы шешімімен облыстың қоғамдық кеңесінің сайланған құрамы бекітілді.

Алғашқы отырыста ашық дауыс беру арқылы қоғамдық кеңестің төрағасы мен төралқа мүшелері сайланды. Кеңес төрағасы болып қоғам қайраткері, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры Жарасбай Сүлейменов сайланды. Жарасбай Қабдоллаұлы облыстық “Soltüstık Qazaqstan” газетінің әдеби қызметкерлігінен бастап, төртінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаттығына дейінгі еңбек жолынан өтті. Қоғамдық кеңестің төралқасына Олег Завьялов, Бекет Нұғыманов, Асқар Сақыпкереев, Сәуле Сүлейменова және Петр Шарапаев сайланды.

Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің құрамы

Райхан Тілекқызы Әбдірахманова, “Отбасы банк” СҚОФ директорының орынбасары;

Бейбіт Айтанұлы Әбілев, “Ардагерлер ұйымы” РҚБ СҚОФ төрағасының орынбасары;

Амангелді Советбекұлы Арғымбаев, “Киров атындағы зауыт” АҚ бас директоры;

Қанат Қайырлыұлы Асқаров, облыстық мәслихаттың депутаты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің “Есіл су” филиалының ШЖҚ РМК директоры;

Павел Васильевич Афанасьев, “М.Қозыбаев атындағы СҚУ” КЕАҚ аға оқытушысы;

Асхат Нағашыбайұлы Барлыбаев, облыстық мәслихаттың депутаты, “Рустикус” ЖШС-ның директоры;

Олег Владимирович Завьялов, “Облыстық балалар ауруханасы” ШЖҚ КМҚК-нің бас дәрігері;

Анатолий Антонович Казановский, “СК РЭК” ЖШС-ның бас директоры;

Евгений Юрьевич Кинцель, Солтүстік Қазақстан тәуелсіз заң консультанттары палатасының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты;

Ағыбай Бағыткерейұлы Көшімбаев, “Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі” КМҚК-нің директоры, колледж директорлары кеңесінің төрағасы;

Елена Владимировна Левина, облыстық мәслихаттың депутаты, “Левин” ЖК-нің директоры;

Бекет Қауасханұлы Нұғұманов, СҚО ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы;

Евгений Сергеевич Махиня, “Зерттеу-СК” ЖШС-ның директоры;

Асқар Жоламанұлы Сақыпкереев, СҚО сайлау комиссиясының төрағасы;

Жарасбай Қабдоллаұлы Сүлейменов, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры;

Сауле Қалкенқызы Сүлейменова, “Солтүстік Қазақстан облысы Азаматтық ассоциациясы” ЗТБ-ның атқарушы директоры;

Динара Рысқұлқызы Уразбаева, “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы” КММ-і “Қоғамдық келісім” КММ-нің басшысы;

Біржан Бахытжанұлы Худайбергенов, “Jas Otan” ЖҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты;

Сергей Герольдович Худяков, “Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты” ЖМ-нің директоры;

Петр Анатольевич Шарапаев “Радуга” ЖШС-ның атқарушы директоры;

Ирина Андреевна Эктова, спортшы, Ұлттық Олимпиада комитетінің нұсқаушысы.

Қайрат САДЫҚОВ,

облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp