«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

АУДАНДАР РЕЙТИНГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік қызмет істері департаментінің бастамасымен жергілікті әкімдіктер мен басқармалардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасының негізгі көрсеткіштері бойынша рейтинг жүргізілген болатын. Ондағы мақсат – азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық мағлұмат беру.

Рейтинг қорытындысы бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бірінші орында. Екінші, үшінші орындарды Жамбыл және Тимирязев аудандары иеленді. Петропавл қаласы, Шал ақын, Айыртау аудандары көш соңында қалды.

– Өткен жылы Ғабит Мүсірепов пен Жамбыл аудандарының іс-тәжірибесі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында тыңдалып, мамандардың онлайн тағылымдамадан өтуі, мемлекеттік органдармен түрлі шаралар ұйымдастырылуы жақсы жағынан бағаланған болатын, – деді мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Жанат Жұмабаев.

Атқарушы органдар арасында бірінші орынға – ветеринария, екінші орынға – дін, үшінші орынға мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы жайғасты. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармалары ең төмен нәтиже көрсетті.

Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұсыныстар берілді.

Мемлекеттік қызмет істері ведомствосы өткен жылы 32 бақылау іс-шарасын жүргізіп, мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы бұзудың 229 фактісін анықтады. Олардың 97,4 пайызы – атқарушы органдарға тиесілі. Департамент басшысының орынбасары Жанат Жұмабаевтың айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заң бұзушылықтар 66 пайызға қысқарғанымен, өтініштерді қарау кезінде әлі де кемшіліктерге жол беріледі. Мәселен, Қызылжар ауданында азаматтардың өтініштері мемлекеттік қызмет көрсетуге жолданбайтын жайттар кездескен. Осы себепті қызмет алушының мәселесі шешілмеген күйінде қалған. Тиісті қызметті электрондық үлгіде де ала алмаған. Тек департаменттің араласуынан кейін ғана өтінім ауылдық округке жолданып, жеке тұлға жер учаскесін алу кезегіне қойылған. Соңғы екі жылда осы ауданда шағымданушылардың саны екі есеге көбейген.

Махаббат САМРАТ,

облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы – баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp