Петропавл қаласының тұрғыны өткен жылдың күзінде мүліктік қылмысқа қатысы бар деп күдікке ілінген болатын. Қолында полицияға келу туралы міндеттеме бола тұра ол сот төрелігінен жасырынбақ болды. Артынша оған іздеу жарияланған. Петропавлдық жедел уәкілдер оның Нұр-Сұлтан қаласында жүргенін анықтаған. Қызметтік іссапар барысында астаналық әріптестерінің көмегімен іздеудегі азаматтың таныстары, ол тұруы мүмкін жерлер тексерілді. Екі күннің ішінде күдіктінің жүрген жері анықталды. Тәртіп сақшылары оны Петропавлға жеткізді. Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс бойынша материал сотқа тапсырылды.
Жыл басынан бері облысымызда төрт қылмыскерге – екеуіне пробация бағыты, біреуіне бұзақылық және тағы біреуіне ұрлық жасағаны үшін іздеу жарияланды. Үшеуі табылды. Сонымен қатар өткен жылдан іздеуде болған екі қылмыскердің жүрген жері анықталды.
Ерлан МАХМЕТОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.