«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Үш жылын түрмеде өткізеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда 34 жастағы қала тұр­ғыны синтетикалық есірткіні аса ірі мөл­шерде заңсыз сақтағаны үшін сот­тың үкімімен үш жылға бас бостан­дығынан айырылды. Өткен жазда оны Петропавл қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің мамандары ұстаған бо­латын. Тұрғылықты жері бойынша одан “меф 0,5 – 30 дана” деген тү­сіндірме жазуы бар полимерлі пакет тәркіленді. Ішінде жалпы салмағы 11,19 грамм болатын ұнтақты заты бар 23 орама табылды. Сараптама бұл ұнтақтардың синтетикалық пре­парат – мефедрон екенін көрсеткен.

Өткен жылы облыс полицейлері есірткі сатудың 32 фактісі бойынша ма­териалдарды сотқа жіберді. Қазіргі уа­қытта тағы 8 күдіктіге қатысты тер­геу амалдары жүргізілуде. Бір жыл ішінде заңсыз айналымнан 5 кило­грамға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp