«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірде «Еңбек» бағдарламасымен 20 мыңнан астам адам қамтылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында былтыр 20 033 адам мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасының игілігін көріп, бірі жаңа кәсіп меңгерсе, енді бірі қоныс аударды, жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, басқарма жұмысының негізгі бағыттары – жұмыссыздарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындап, мүгедек адамдарға мемлекеттік қолдау көрсету.

Бұл міндеттердің кейбірі 2017-2021 жылдары аралығында жұмыс істеген «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асты. Тек былтыр бағдарлама бойынша 20 033 азамат қамтылды. Соның ішінде СҚО-ға республиканың еңбек күші артық өңірлерінен 2943 адам немесе 784 отбасы қоныс аударған.

«Бағдарлама аясында 850 адам кәсіби оқытудан өтті, 880 адам «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 588 азаматқа жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 1214 грант берілді, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 5050 адам жұмысқа орналастырылды», – дейді басқарма мамандары.

2021 жылғы мамыр айынан бастап «Электронды еңбек биржасы» порталында халықты жұмыспен қамтуда мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жоба іске қосылды, ал маусым айынан бастап қысқа мерзімді онлайн-курстардан өтуге арналған жоба енгізілді.

«Биыл бұл жұмыстар «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» және Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобалары негізінде жалғасын табады. Халықтың әлеуметтік осал топтары да үнемі назарда. Аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек төленеді. 2021 жылы 2331 отбасы 576,6 млн теңге көмек алды. Биыл «әлеуметтік әмиян» енгізілмекші, бұл әмиянға түскен қаражат банктердің, жеке сот орындаушыларының өндіріп алынуына жол берілмейді», – дейді әлеуметтік қызметкерлер.

Былтырдан бастап оңалтудың техникалық құралдары және оңалту қызметтері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы беріліп келеді. Осы аралықта 9 мыңға жуық тапсырыс ресімделген.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp