«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кітапқа құштар мектеп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

PISA халықаралық зерттеулерінің нәтижесі бойынша Қазақстан оқушы­лары оқу сауаттылығы жағынан эко­номикалық ынтымақтастық және да­му ұйымына мүше елдеріндегі өз қа­тарластарынан едәуір артта қалып отыр. Осы зерттеудегі ресми дерек­терге сүйенсек, мектеп жасындағы білім алушылардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатынын айтқан. Мен де бұған сабақ беру барысында­ғы өз тәжірибем негізінде де талай рет көз жеткіздім. Оқушылардың әр­түрлі форматта берілген мәтіндерді түсіне білмеуі, мәні мен мазмұнын тұжырымдай алмауы, берілген мә­тіндегі кейбір сөздердің мағынасын білмеуі көп кездеседі. Шығармашы­лық тұрғыда ойлай, өз ойын еркін жеткізе алмау, ұсынылған жағ­даяттардың шығатын шешімін тап­пау, мәтін мазмұнына сәйкес мақал таппау – оқушының ізденісінің аз­дығын, әдеби шығарма оқымайтындығын көрсетеді.

Осындай олқылықты бодырмау мақ­сатында өз сабақтарымда мәтін­дермен жұмыс жасағанда Джиксо, “INSERT”, “Балық қаңқасы”, “Елші”, “Үш қадамды сұхбат” , “Данышпан үкі­лер”, “Әдеби шеңбер”, “FILA”, “SWOT”, “Тұжырымдамалық кесте” әдіс­терін қолданамын. Жас буынды әдебиетке баулу, көркем шығарма оқу­ға жетелеу – функционалдық са­уаттылықтарын арттырудың бірден-бір жолы деп есептеймін.

Рудный орта мектебінде оқырман белсенділігін арттыру бағдарламасы аясында “Кітапханаға кітап тарту ет” игілікті іс-шарасы бастау алды. Жыл сайын мемлекет тарапынан кітап­ха­намыздағы кітаптар қоры толықты­рылып отырса да, әрқайсысымыз­дың үйіміздегі жеке кітапханамызда рухани азығымызға айналар әде­биеттер аз емес. Оқыған сүйікті кіта­быңмен басқалармен де бөлісе білу адамгершіліктің белгісі деп санай­мын.

Жас ұрпақты күнделікті кітап оқу­ды әдетке айналдыруға баули біл­сем, мен үшін шеберлік шыңына шық­қанмен пара-пар. Білімді ұрпақ – ел­дің алтын қазығы. Ғасыр легінен қал­мау үшін білімді болу – үлкен қа­жет­тілік. Сол үшін көп оқудың, білімді же­тілдірудің қажеттілігі зор. Бәсекеге қа­білетті, ұлттық құндылық­тарды бойы­на сіңірген тұлға тәрбиелеу мәселесі өте өзекті. Жас ұрпаққа қандай тәр­бие берсек, ел ертеңі де сондай болмақ.

Әсем БАДЫМОВА,

Рудный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp