«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Түлектердің 53 пайызы ҰБТ-ның бірінші кезеңінен өтпек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші кезеңінен осы күнге дейін 826 түлек өтсе, соның төртеуінің жұмысы жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 қаңтардан бастап елімізде ҰБТ бірінші кезеңі өтіп жатыр. СҚО-да тестілеу 22 ақпанға дейін жалғаспақ. Сынақтан балалар Петропавлдағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығында және Ғ.Мүсірепов ауданында өте алады. Жалпы биыл өңірде 3368 түлек болса, соның 53,5 %-ы ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірген.

Ал тестілеудің заңға сай өтуін арнайы комиссия қадағалайды, оның құрамына биыл «Әділдік жолы» РҚБ СҚО бойынша филиалының өкілдері кірген. ҰБТ басталғалы 826 түлек сынақтан өтсе, соның төртеуінің нәтижесі жойылды.

«Балалардың төртеуі тестілеу барысында шпаргалка қолданбақ болды. Біреуі ұялы телефонды алып кірген, енді бірі медициналық маскаға жазып алыпты. Біздің түлектер тестілеуге алдын ала жауапкершілікпен дайындалудың орнына осындай әрекеттерге барды. Десек те, еліміз бойынша біздің өңірде оқу үлгерімі ең жоғарылардың қатарында», – дейді «Әділдік жолы» РҚБ СҚО бойынша филиал басшысы Алмат Есмағұлов.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp