«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шекара маңындағы талаптар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгіндері мемлекеттік шекарада заңсыз көші-қон, шекара маңында рұқсат етілмеген аң және балық аулау, малды шекара асырып бағу сияқты мәселелер кездеседі. Облы­сымыздың шекара маңында орна­ласқан елді мекендерінің тұрғын­дарына мемлекеттік шекараны өту және оның режімін бұзу қолда­ныстағы заңнама талаптарын сақта­мау болып табылатынын, бұл үшін қылмыстық және әкімшілік жауап­кершілік көзделгенін ескертеміз.

Былтырғы тамыз және қазан ай­ла­рында Ақжар ауданының Ұялы ауы­лы маңында біздің қызметкерлер мем­лекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Ресей азаматтары А.Кучерен­ко мен А.Лонскойды ұстап, олар заң­на­маға сәйкес жауапкершілікке тар­ты­лып, еліміздің аумағынан шы­ғарылды.

Мемлекеттік шекара маңындағы ауыл тұрғындарының өз малдарын қараусыз жіберуі салдарынан олар­дың шекара асып кету фактілері кез­десіп жатады. Оған мысал ретінде Ақжар ауданындағы Новосельское ауы­лының тұрғыны Э.Антиповтың іс-әрекетін келтіруге болады. Шекара­шылардың ескертуіне құлақ аспай, былтыр қараша айында малдарын шекара маңында жайғаны үшін ол қомақты айыппұл төледі. Уәлиханов ауданындағы Өндіріс ауылының тұр­ғыны С.Рақышев те осындай жауап­кершілікке тартылды.

Шекара маңында орналасқан ауылдар тұрғындарының Қазақстан мен Ресей шекарасын заңсыз кесіп өтетін адамдарға көмектесу факті­лері де кездесіп қалады. Олар мұн­дай адамдарға уақытша баспана бе­ру, қалалардан шекара маңын­дағы ауылдарға жеткізу, сондай-ақ Қазақ­станның мемлекеттік шекара­сына апа­ратын жолдар мен бағыт­тарды көр­сету сияқты әрекеттерге барады. Қылмыстық кодекстің 394-бабы бо­йынша мұндай сыбайластық үшін қыл­мыстық жауапкершілік көз­делген.

Сонымен қатар кейбір адамдар та­ра­пынан мемлекеттік шекара және ха­лықтың көші-қон туралы заңна­малар­ды бұзу фактілері кездеседі. Олар Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы ко­декстің 510 және 514-баптарына сәй­кес жауап береді. Мұндай құқық бұзу­шылыққа Қазақстан Рес­публикасы­ның мемлекеттік шекара­сын кесіп өту, уақытша болу, тұру, шекара ма­ңындағы қозғалыс кезінде шекара ре­жімін қатаң сақтамау жатады.

Қылмыстық кодекстің 337-бабы бойынша шекара маңында заңсыз аң аулағаны үшін жауапкершілік қарас­ты­рылған. Осы баптың бірінші бөлігін­де көз­делген, бірнеше рет жасалған заң­сыз аң аулау – мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару не­месе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға де­йiн­гi мерзiмге айыра отырып, төрт мың айлық есеп­тiк көр­сеткiшке дейiнгi мөлшерде айып­пұл салуға не сол мөлшерде тү­зеу жұ­мыс­тарына, не бір мың сағатқа дейiнгi мер­зiмге қоғамдық жұмыстарға тар­туға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бос­тандығын шектеуге, не сол мер­зімге бас бос­тандығынан айыруға әкеледі.

Сондықтан шекара маңындағы ел­ді мекендер тұрғындарынан заң­нама талаптарын қатаң сақтауды сұ­рай­мыз.

Санат АЗИМХАНОВ,

Шекара қызметінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp