«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

СӘБИТ МҰҚАНОВТАН НЕГЕ ҚАШТЫ?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көңіл-күйлерін сең соққан балықтай әрі-сәрі күйге түсірген мына хабарға сенер-сенбесін білмей аңтарылып қалған газет оқырмандары тиісті орындарға тынымсыз қоңырау шалып, ақиқаттың ақ-қарасын біле алмағандықтан редакцияға хабарласып, мән-жайды анықтап беруді өтінді. Мәселенің мәнісін білмек ниетпен Петропавлдағы Кошуков көшесінің бойында орналасқан білім ошағына келдік. Маңдайшада “№32 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі” деген жазу алыстан менмұндалайды. Бұрыннан көзіміз үйреніп кеткен “Сәбит Мұқанов атындағы” деген тіркестің жоқтығына таңдандық та, күйіндік те. Қанша іздесек те мектеп басшысын кездестіре алмаған күйі кері қайттық.

Мектеп тарихына қатысты деректерді саралап отырғанда көзіміз мынадай мәліметке түсті. Белгілі жазушы, жерлесіміз Сәбит Мұқанов қайтыс болғаннан кейін Қазақ КСР Министрлер кеңесінің 1973 жылдың 29 мамырындағы “С.Мұқановты мәңгі есте сақтау туралы” қаулысы негізінде облыстық кітапханаға, Жамбыл ауданы “Майбалық” астық кеңшарына және Петропавл қаласындағы №32 орыс мектебіне есімі берілгені жазылған. Содан бері білім ошағының маңдайшасына қаламгердің аты-жөні қоса жазылып, оқушылар атақты қаламгер атындағы білім ордасында оқитындарын мақтаныш ететін болған.

Сау адамды сақау, саққұлақты керең қылатын кереғар жайт келмеске кеткен кеңес заманында егемендігіміздің 30 жылдығы тұсында болғанына күйінесің. Алдымен облыстық білім басқармасының заңгері Ерік Нұрахметовпен хабарластық. Оның сөз ауанынан шақшадай басы шарадай болып отырғанын сездік. Қара аспаннан қар жаудыра сөйлеуіне қарағанда қағазбастылыққа кездесіп, ұнжырғасы түсіп кеткені аңғарылады. Жағдайдан құлағдар екенін айтқан ол Министрлер кеңесі қаулысының жергілікті әділет органында тіркеусіз қалғанын, сондықтан заңсыз болып табылатынын, қалалық ономастика комиссиясы, мәслихат, әкімдік шешімдерін жинастыру қажеттігін алға тарта отырып, іске жедел кірісетіндерін жеткізді.

Сауалымызға облыстық әділет департаменті заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бас маманы Қайрат Мырзахметов нақты жауап берді. “Қазақ КСР Министрлер кеңесінің қаулысы негізінде қалалық әкімдіктің шешімі, жарғы және қайта тіркеуден өткізу құжаттарын ұсынса жеткілікті”, – деді ол.

Орнынан табылмаған мектеп директоры Валерий Мартемьяновқа телефон арқылы хабарласқанымызда айтқаны: “1998 жылы қабылданған мектеп жарғысында С.Мұқановтың аты берілгені жайлы жазылмаған”. Алайда білім ошағы содан бері жазушының атымен аталып келді ғой. Мектеп бұған дейін де бірнеше рет қайта тіркеуден өткені анық. Неге осы жолы есімі түсіп қалды деген заңды сұрақ туындайды.

Айтпақшы, мектептің қабылдау бөлмесіндегі хатшыдан шағын мұражайдың жұмыс істейтінін білдік. Мектептің өткен тарихы мен бүгінгі тынысынан сыр шертетін жәдігерлердің арасынан Министрлер кеңесінің маңызды құжаты ойып тұрып орын алуы тиіс емес пе? Айқай-шу басталған тұста бұл құжатты Алматы архивінен сұратып алғандарына қарағанда Сәбеңнің есімі білім ошағы басшылығының назарынан мүлдем тыс қалған секілді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Solüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp