«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАР УАҚЫТЫНДА ТАЗАЛАНБАҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Республикалық маңызы бар тасжол­дардың сапасын бақылау мақсатында “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” облыстық филиалының өкілдері жыл басынан бері 18 тексеріс жүргізді. Нәтижесінде кейбір тасжолдарды қар­дан тазалау жұмыстары дұрыс жүргізілмегені анықталды.

“Мамлютка – Қостанай”, “Жезқазған – Петропавл”, “Рощинское – Корнеевка – Волошинка” бағытындағы жолдардың ақ ұлпадан уақтылы тазартылмағаны белгілі болды. Одан қалды, жолдың қауіпті деген жерлеріне тұзды-құмды қос­па себілмеген. Соның салдарынан бұл учаскелер қауіпті аймаққа айналып, жол қозғалысы қиындаған. Қарды қиылыс­тар мен жолайрықтарына, жол­дың дәл жиегіне төгіп кету фактілері де кезде­суде.

Жолды тазартуға тапсырыс беретін мекеме мен мердігер компанияларға шұғыл әрекет ету үшін 18 ұйғарым-хат жолданды.

Алтынай ҚАЗИҚАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp