«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Атына заты сай

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2015 жылдан бастап елімізде “Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы” Заң жүзеге асырылып, халықаралық стандарттарға негізделген оң тәжірибелер қолға алынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі” Жолдауында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін белсендірек қолдану қажеттігін атап көрсеткен болатын.

Соңғы екі жылда өңірде екі жақты келісімшарттар негізінде отыздан астам жоба пайдалануға берілді. Жуырда облыстық мәслихат жанында жұмыс істейтін депутаттық топтың мүшелері Қызылжар ауданы, Петерфельд ауылында орналасқан Абай орта мектебінде болып, бағдарламаның орындалу барысымен танысты. Мектеп басшылығының айтуынша, білім беру мекемесі 2020 жылы жекеменшіктің басқаруына берілген. Содан бері білім ошағы адам танымастай өзгерген. Күрделі жөндеу жүргізіліп, материалдық-техникалық база жаңартылған. Маңайы абаттандырылып, жоғары жылдамдықты интернет орнатылған. Қазір мұнда екі жүзден астам оқушы білім алады, олар асханада тегін тамақтанады. Білім беру заманауи талаптарға толыққанды жауап береді.

Халық қалаулылары сынып бөлмелерін, зертханалық кабинетті, кітапхананы аралап, мектептің атына заты сай екеніне көз жеткізді.

Қызылжар ауданындағы Бескөл мектеп-колледжі де мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында “Радуга” ЖШС-ның сенімгерлік басқаруына өткен. Мұнда қазір жұмысшы мамандар даярланады. Биыл бұл оқу орнын алғашқы 17 түлек бітіріп шықпақ.

Қайрат САДЫҚОВ,

облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp