«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОҒАЛҒАН КЕЙУАНА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне Мәскеу облысынан телефон қоңырауы түскен. Ресей Федерациясынан хабарласқан әйел Тайынша қаласында тұратын 67 жастағы анасының жоғалғаны туралы айт­қан. Оның сөзіне қарағанда, есі кіресілі-шығасылы кейуана Петропавлдағы №3 қалалық ауруханадан кетіп қалған. Бұл жөнінде оған дәрігерлер хабарлапты.

Петропавл полиция басқармасының жеке құрамы мен қосымша күштер бірден іздеуге кірісті. Абырой болғанда ол түн жарымда табылды. Қала тұрғындарының бірі сауда орталығының маңында адасып жүрген әйел туралы полицияға хабарлаған. Зейнеткер аман-есен үйіне оралды.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp