Үстіміздегі жылғы 14 ақпаннан бастап еліміздегі барлық мектептер дәстүрлі оқыту форматына ауысады.
Республиканың барлық өңірінде қаңтардың 24-нен бала саны 600-ден аспайтын білім ошақтары штаттық режімде жұмыс істеуде. Ұл-қыздардың саны белгіленген көрсеткіштен асатын мектептерде бірінші мен төртінші сынып оқушылары үшін аралас формат енгізілген.
Біздің өңірімізде 472 мектеп бар. Петропавл қаласындағы 45 мектептің 22-сінде бала саны 600-ден асады. Әзірге 9 мыңнан астам оқушы қашықтан оқып жүр. Олардың кейбір пәндерді офлайн өтуіне мүмкіндіктер жасалған.
Алтынай ҚАЗИҚАН,
“Soltüstık Qazaqstan”.