«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕТРОПАВЛДА ПӘТЕР ЖАЛДАУШЫЛАРҒА БЕРІЛЕТІН ДЕМЕУҚАРЖЫНЫ АЛУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл мамыр айынан бастап Қазақстанда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін пәтер жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасы іске қосылмақ.

«Отбасы банктің» Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында субсидиялау ережесі мен жаңа механизмге кімдердің қатыса алатыны түсіндірілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жобаға сәйкес пәтер үшін төлемнің 50 пайызын мемлекет, қалғанын көмек алушылардың өздері төлейтін болады. Мәселен, белгілі бір отбасы 120 мың теңгеге пәтер жалдайтын болса, оның 60 мыңын өз қалтасынан, 60 мың теңгесін банк төлейді.
Банк өкілдерінің мәліметінше, субсидиялаудың жаң механизмі арқылы Қазақстандағы 70 мың отбасына көмек көрсетіледі.
Бұл бағдарламаға көп балалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған 29 жасқа толмаған адамдар қатыса алады. Сонымен қатар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған, «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана Даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар да баспана ақысын төлеуге жеңілдік ала алады.
Жалға берілетін пәтердің ауданы отбасының құрамына байланысты есептелетін болады. Мәселен, отбасында 1-ден 3 адамға дейін болса, онда үйдің аумағы 40 шаршы метрден аспайды. Ал, 4-5 кісіден тұратын отбасылар үшін 60 шаршы метрден аспау керек. 6 және одан да көп адамнан тұратын отбасыларға 80 шаршы метрден кең болмауы тиіс.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp