«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЙЫНШАДАҒЫ 3 КӘСІПОРЫН 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ САЛЫҚ ТӨЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов қоғамдық ұйым өкілдерімен бірге Тайынша ауданындағы «Bio operations» зауытының, шошқа кешенінің және «EMC agro» ет комбинатында болды. Үш кәсіпорын 2021 жылды оң нәтижемен аяқтап, бюджетке 1 миллиард теңгеге жуық салық пен міндетті төлемдерді аударды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңір басшысы «Bio operations» зауыты өткен жылы 3 мың тонна биоэтанол өндіргенін, биыл өндіріс көлемін 2,5 есе ұлғайтуды көздеп отырғанын атап көрсетті. Сондай-ақ 2021 жылы кәсірорын 6 мың тонна глютен мен 23 мың тонна крахмал өндірді, олардың көлемі де айтарлықтай ұлғаяды. Бүгінгі таңда зауытта 500-ден астам адам жұмыс істеп жатыр.
-Өткен жылы шошқа кешенінің жаңа корпустары салынып, қуаттылығы 50 мыңнан 100 мың басқа дейін өсті. Кешенде 180 адам жұмыс істейді. 200 мың басқа дейін кеңейту жобасы әзірленді. Құрылыс жұмыстары көктемде басталады, деді Құмар Ақсақалов.

Ет комбинаты 132 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Күніне 1,5 тоннаға дейін шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар шығарылады. Кәсіпорын өндірісті ұлғайта береді, өйткені импорттық тауарды алмастыру қажет.
— Бүгінде Қазақстанда ішкі нарықты шұжық өнімдерімен қамтамасыз ету 68 пайызды құрайды. Яғни, 32 пайызды басқа елдерден әкелінеді. Ет өңдеу үлесін көбейту жұмыстары жалғасады, деді өңір жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp