«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Тегін картоп таратты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұзын сары жақындаған сайын тұр­мысы төмен кей отбасыларда азық-түлік қоры азайып, жоқшылық қыспа­ғына алатыны рас. Дәл осындай жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзі­лер шағында ауылдағы жомарт аза­мат­тар өзіндегі барын жұртпен бөлі­сіп жататыны қандай жақсы. Қайы­рым­дылықтың үлгісін көрсетіп жүр­гендердің бірі – Мамлют ауданында картоп егумен айналысатын “Тұмар” шаруашылығының басшысы Ален Дусенов. Жақында ол Мамлютка­дағы аз қамтылған, мүгедек, көпба­ла­лы, оңтүстіктен жаңадан қоныс ау­дарған және асыраушысы жоқ 35 от­басына тегін картоп жеткізіп берді.

– Бір отбасына екі қап картоптан үлестіремін. Осындай қыстың қы­сыл­таяң шағында көмек беру – үлкен сауап­ты іс. Биыл қала әкімі Еркін Са­марханұлына барып, аз қамтылған отбасылардың тізімін алдым. Бұрын өзім білетіндерге ғана жеткізіп бере­тін едім. Көмекке мұқтаж отбасылардың саны бұрынғыдан артқаны бай­қалады. Оған еліміздегі қымбатшы­лық та әсер етсе керек. 36 гектар жерге әртүрлі дақылдар егемін, со­ның ішенде картоп та бар. Тұрғын­дарға өз еркіммен көмек жасап келе жатқаныма 13 жыл болды. Бұл – әке тәрбиесінің жемісі. Бірақ болмашы істі жұртқа жария еткім келмейді, – дейді Ален Жамбылұлы.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp