«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЗА БАСҚАН ШЕНЕУНІК айыппұл төлеп құтылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық соты Қызылжар ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының басшысына қатысты үкім шығарды.

Петропавл қалалық сотының мәлі­метін­ше, сотталушы Қызылжар ауда­нының мемлекеттік кірістер басқарма­сының басшысы бола жүріп, М. деген адамды салық көрсеткіштерін өзгер­туге көмектесемін деп алдап, 1 млн. 250 мың теңге ақшасын иемденіп кет­кен. Сотталушының кінәсі жәбірле­нушінің айғақтарымен, жазбаша мате­риалдармен дәлелденді. Прокурор сот­талушыны өмір бойы мемлекеттік ор­гандарда қызмет атқару құқығынан айырып, 3 жыл 6 ай бас бостандығы­нан айыру жазасын тағайындауды сұ­рады. Сотталушы кінәсін мойындағандықтан сот тергеуі қысқартылған тәртіппен жүргізілді.

Қылмыстың бұл түрі үшін айыппұл не­месе бас бостандығынан айыру тү­ріндегі жаза көзделген. Сот сотталу­шы­ның жазасын жеңілдететін мән-жайды – оның істеген ісіне өкінетінін, жас баласы бар екенін ескерген. Сот заңсыз иеленген мүліктің 10 еселен­ген мөлшерінде айыппұл салу жаза­сын тағайындады. Оның тергеу бары­сында қамауда отырғаны ескеріліп, айыппұл сомасы 10 млн. 271 мың теңге деп белгіленді. Сондай-ақ эксшенеунік өмір бойы мемлекеттік қыз­мет атқару құқығынан айырылды. Ал 1 млн. 250 мың теңге мемлекет кірісіне тәркіленді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp