«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жарна уақтылы төленуі тиіс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімінің орынбасары Тимур Сұлтанғазиевтің төрағалығымен облыста міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру бойынша өңірлік штабтың отырысы өткізілді.

Жиында Петропавл қаласы мен аудандардағы сақтандырылмаған тұрғындардың жайы баяндалды. Облыс бойынша МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы бар адамдардың саны 438899 адамды немесе 77,7 пайызды құрайды. Бұл санға жарналарды төлеуден босатылған адамдар да кірді, олар үшін жарнаны мемлекет төлейді.

Бұл ретте еңбекке қабілетті тұрғындардың ішінен 125807 адамның сақтандырылмағанын айта кеткен жөн, одан бөлек, 2021 жылы 86384 тұрғын үшін төлемдер түспеген. Сақтандырылмағандардың басым бөлігі – 30-50 жас аралығындағы еңбекке жарамды азаматтар.

Облыс бойынша қорға түсуі тиіс аударымдар бойынша өткен жылғы берешек 36,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде 34,4 млн. теңге 433 заңды тұлғадан түспеген. Берешектің 80 пайызы немесе 29,1 млн. теңгесі 9 субъектіге тиесілі, соның ішінде қарыз Ғабит Мүсірепов атындағы және Тайынша аудандарында көп.

Қазақстан Республикасының “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы” Заңына сәйкес ай сайын жарна түспесе, азамат МӘМС жүйесінде медициналық көмек ала алмайды.

Сақтандырылмаған азаматтар жоспарлы, стационарлық, сондай-ақ емханаларда консультациялық-диагностикалық көмек ала алмайды, алайда жарна аудармағандықтан КТ, МРТ, УДЗ және басқа да қымбат тұратын зерттеулерден өтіп, зертханалық талдаулар тапсырып, денсаулығын қалпына келтіру үшін оңалту шараларына қатыса алмайды.

МӘМС жүйесінің негізгі мақсаты – медициналық көмекті қолжетімді және сапалы ету. Сондықтан тұрғындардың сақтандырылуы, жарналардың уақтылы аударылуы өте маңызды.

Лариса ГОРДЕЕВА,

“Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” облыстық филиалының директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp