«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕТРОПАВЛДА БІР ОТБАСЫ ИІС ТИІП УЛАНЫП ҚАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Басы ауырып, жүрегі айныған әйел дер кезінде жедел жәрдем шақырып үлгерген. Дәрігерлер иіс тиген 3 адамды ауыр халде ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, пештің мұржасы бітеліп, түтін үйге кірген. Салдарынан 3 бірдей адам уланып қалды.
-Мұндай жағдайлардан қорғанудың бірден-бір амалы үйге арнайы қондырғы алу. Түтінге сезімтал аппарат ажалдан құтқарады. Біздің мамандар зардап шеккен үйде болып, алдағы уақытта осындай жағдай қайталанбас үшін қондырғыны орнатып берді. Жеке сектордағы үйлерге дабылқаққыш қою жұмыстары жалғасып жатыр, деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
 
Өрт пен ыстан қорғанудың бірден-бір жолы жылыту қондырғыларын тексеріп, мұржаларды, пештерді тазартып отыру, сақтансаң сау боларсың дегенді естен шығармаған жөн.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp