Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде мемлекеттік сатып алу бойынша атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Жалпы, былтыр басқармаға 630 сұраным түсіп, оның 11-і кері қайтарылған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мемлекеттік сатып алулар бойынша 12 миллиард теңгеден астам қаражат игерілмеген.
Жалпы, сатып алу бойынша өткізілетін конкурстардың 11-і кері қайтарылған, 19-ы қайта жарияланса, 50 тапсырыс беруші өткізуден өз еркімен бас тартқан.
-Менің ойымша, бұл жұмыстың тиімсіздігін көрсетеді. Мәселен, Уәлиханов ауданының құрылыс бөлімі жабық хоккей кортын салу бойынша конкурсты мемлекеттік сатып алу басқармасына бермей өздері өткізбек болған. Нәтижесінде конкурс мүлде өткізілмей қалды, деді өңір басшысы.
Биылғы жылға жоспарланған сатып алу конкурстарының тек 3-тен бірі ғана өткізілген.