«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Таңдаулылар қатарында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қа­зақстан университеті төртінші жыл қатарынан Білім және ғылым ми­нистрлігі мен “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп өткізе­тін білім беру бағдарламаларының рейтингіне қатысуда. Тәуелсіз баға­лау 19 өлшем бойынша жүргізіледі. Мәселен, түлектердің жұмысқа орна­ласу деңгейі мен орташа жалақысы, оқытушылар құрамының сапасы, ак­кредиттеу және білім беру бағдар­ламаларының өзектілігі сынды ба­ғыт­тарды қамтиды.

Біздің университет 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан­дағы жоғары оқу орындары арасын­да 7 білім бағдарламасы бойынша жүлделі орынға ие болды. Агроно­мия, мал шаруашылығы өнімдерін өн­діру технологиясы, орыс тілі мен әде­биеті пәндерінен жеңімпаз атан­са, дизайн, мәдени-тынығу жұмысы мен екі шет тілінен екінші, ал құқықтану пәнінен жүлделі үштікке ілінді.

– Білім беру процесіне тұрақты қызмет ететін профессор-оқытушылар құрамымен қатар өндірісте жұ­мыс істейтін тәлімгерлер де қаты­сады. Жұмыс берушілер қажетті қыз­меткерлер мен бейінді мамандарды өздері таңдап, даярлайды, – дейді университеттің академиялық қызмет департаментінің директоры Майра Валиева.

Былтыр университетті тамамда­ған түлектердің 85 пайызы өз ма­мандықтары бойынша жұмысқа ор­наласыпты. Көрсеткіш жалпырес­пуб­ликалық деңгейден 7 пайызға жо­ғары. Бақылау нәтижесіне сүйенсек, жас мамандардың қазір алып жүрген орташа жалақысы 120 мың теңгені құрайды.

Диана ХАЛИМОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың медиаорталығының бас редакторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp