«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТОЗҒАН ҚҰБЫРЛАР – ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау ауданына Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет, қаржы, экономика салаларын дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Сәуле Сұрағанова бастаған бір топ депутат барып, көшпелі отырыс өткізді.

Аудан әкімі Ерболат Бекшеновтің, аудандық мәслихат депутаттарының, жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен өткен көшпелі отырыста инфрақұрылым, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды түзеу бойынша аудандағы жағдай туралы ақпарат тыңдалды.

Жұмыс сапары барысында халық қалаулылары Антоновка ауылының су тарату желілерін тексерді. Ауылдық округ әкімі Жомарт Оразалин комиссия мүшелерін ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен жабдықтау жайымен таныстырды. Әкімнің айтуынша, су құбыры 1972 жылы салынған, су тарату желілерінің тозуына байланысты жиі-жиі істен шығады. Соңғы жылы апатты жағдайлардан кейін оны жөндеу жұмыстарына шамамен 8 миллион теңге жұмсалған.

Депутаттар өткен жылы күрделі жөндеу жасалған Антоновка орта мектебінің жағдайымен танысты. Сондай-ақ “Борисфен” ЖШС-ның 300 бас сиырға арналған тауарлы-сүт фермасының құрылыс алаңына барды.

Аудан орталығы Саумалкөл ауылындағы кәріздік сорғы стансасының жағдайы алаңдаушылық тудыруда. Қондырғылары әбден тозған. Депутаттар қайта жаңартуға қосымша бюджет қаражатын талап етіп отырған үш кәріздік сорғы станциясының жай-күйін қарап шықты. Сондай-ақ халық қалаулылары өткен жылдың желтоқсан айында ашылған қосымша білім беру орталығының жұмысымен танысты.

Қайрат САДЫҚОВ,

облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp