Петропавл қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция капитаны Жасұлан Балдиков жұмыстан кейін үйіне бара жатып, сол маңда жүрген екі жас жігітке көзі түседі. Олар түрі пәтер ұрлығын жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдарға ұқсаған. Ақпаратты әріптестеріне жедел хабарлап, өзі күдіктілерді ұстауға кіріскен. Бірақ күдіктілер қарсылық танытып, жасырынбақшы болған. Оқиға орнына шұғыл жеткен криминалдық полиция қызметкерлері екі жігітті қолға түсірді. Тексеріс кезінде олардан алтын бұйымдар, ақша және басқа да құнды заттар алынған.
Күдіктілер ұсталғаннан кейін полицияға Қаныш Сәтбаев көшесінде орналасқан үйлердің бірінен ақша және құнды заттар ұрланды деген хабар түскен. Ұсталған екеудің бұл ұрлыққа қатысы барлығы бірден белгілі болды. Мұны тәркілеген айғақтар да растады. Күдіктілердің екеуі де бұрын сотталған 32 және 24 жасар Көкшетау қаласының тұрғындары болып шықты. Петропавлға бірер күн бұрын таксимен келген. Күндіз иесіз пәтерлерді торыған.
Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталғандар қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.