«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫРАҒЫ КАПИТАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық полиция бас­қар­масы криминалдық полиция бө­лімі бастығының орынбасары, полиция капитаны Жасұлан Балдиков жұмыстан кейін үйіне бара жатып, сол маңда жүрген екі жас жігітке көзі түседі. Олар түрі пәтер ұрлығын жа­сағаны үшін іздеуде жүрген адам­дарға ұқсаған. Ақпаратты әріптес­те­ріне жедел хабарлап, өзі күдікті­лер­ді ұстауға кіріскен. Бірақ күдіктілер қарсылық танытып, жасырын­бақшы болған. Оқиға орнына шұғыл жеткен криминалдық полиция қыз­меткерлері екі жігітті қолға түсірді. Тексеріс кезінде олардан алтын бұйымдар, ақша және басқа да құнды заттар алынған.

Күдіктілер ұсталғаннан кейін по­лицияға Қаныш Сәтбаев көшесінде орналасқан үйлердің бірінен ақша және құнды заттар ұрланды деген хабар түскен. Ұсталған екеудің бұл ұрлыққа қатысы барлығы бірден белгілі болды. Мұны тәркілеген айғақтар да растады. Күдіктілердің екеуі де бұрын сотталған 32 және 24 жасар Көкшетау қаласының тұр­ғындары болып шықты. Петропавл­ға бірер күн бұрын таксимен келген. Күндіз иесіз пәтерлерді торыған.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ен­гізілді. Ұсталғандар қамауға алы­нып, тергеу жүргізілуде.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp